Тоқаев: Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі

Фото из открытых источников

Астана халықаралық форумында Арал тағдыры да талқыға түсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Экологиялық апаттың алдын алу үшін Аралға қаржы бөлу керек», – деді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы әлемдегі саяси-экономикалық, экологиялық ахуалды бірлесіп түзеу керек екеніне тоқталды.

«Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ. Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын. Еліміз «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді. Алайда уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және «жасыл» экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Маржан Әбіш,

Астана

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.