Мал ауруларының дені олардың дұрыс азықтанбауы және дұрыс күтімнің болмауы салдарынан орын алуы мүмкін. Бірқатар қауіпті аурудың алдын алу үшін кейде малдың азығын жақсартып, күтімді көбейткен жөн, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Мәселен, тимпания ылғалды, шықты немесе жаңбырдан кейінгі шөпті көп көлемде жеген кезде, әсіресе жоңышқа немесе люцерн жеп қойғанда туындайды. Сонымен бірге шіріп кеткен шөп тамырлары мен бұзылған бидайды жесе де мал тимпания ауруына шалдығуы мүмкін. Тимпанияның алдын алуға арналған сақтық шараларын сақтаған жөн. Олар:
• Қойларды аш күйінде жайылымға жібермеу, әсіресе жайылымда жоңышқа егілген болса;
• Қойларды аш күйінде ылғалды жасыл шөптесін өсімдіктер өскен жерлерге нмесе шық тұрған жерлерге жібермеу;
• Қойларды мұндай жайылымдарға жібермес бұрын оларды шөппен азықтандырып алу керек;
• Илектеліп қалған шөп бумасынан алып, бұзылған жем-шөп бермеу.
• Ағынды емес су бермеу, сонымен бірге ылғалды шөп жеген соң бірден су бермеу;
• Сасыған, көгерген, үсіп қалған жем-шөп бермеу.
Протеиннің, көмірсулар мен каротиннің жетіспеушілігі көп ұрықты қойлар кетонурия деп аталатын ауруға ушыратуы мүмкін.
Ақуыз және жеңіл қорытылатын көмірсулар жетіспеген кезде буаз қойлар майларды, ақуыздар мен көмірсулардың қорын пайдаланады.
Нәтижесінде олар азып, қанындағы қант мөлшері төмендеп, кетон денелерін саны артады. Дұрыс емес зат алмасудың арты ағзаның улануына әкеп соқтырады. Көп жағдайда бұл малдың өлуімен аяқталатын процесс. Әдетте мұндай буаз саулықтар туғанға дейін немесе қоздап жатқан кезде өліп кетеді.
Кетонурияның алдын алу үшін буаз малдың тууына аз қалған кезде майлар, ақуыздар және көмірсулар жөнінен баланс сақталған азықпен азықтандыру керек. Жем-шөбі мал ағзасы қажет ететін каротиндер мен дәрумендерді жабуға қауқарлы болуы керек. Сонымен бірге онда микро және макроэлементтер көптеп болғаны дұрыс. Әсіресе кальций мен магний өте қажет. Ең тиімді шара жазда жайылым, ал қыста далаға шығарып жаю. Жем-шөпте микроэлементтер жетіпесе, бұл әсіресе жас мал үшін өте зиян. Олар өз жүнін өзі шайнап, жерді жалайды. Мұның барлығы олардың ағзасындағы безоар тастарының жиналуына алып келеді. Бұл аурудың алдын алу үшін безоар тастарын пайдалану керек. Мәселен ұсақталған бордың 100 грамына 8-10 кг ас тұзын, 50 г темір тотыяйынға 20 г хлорлы кобальт қосады.
Брикетті берер алдында ұсақтап, әбден езеді. Сөйтіп қойдың астауына салады.
Қой рационында фосфор мен кальций жетіспеушілігі және қойларды сыз басқан қорада ұстау салдарынан малдар рахит ауруына ұшырауы мүмкін. Ал ересек қойлар остеопорозға немесе остеомаляцияға шалдығуы ықтимал. Рахитты болдырмау үшін кешенді шараларды қолға алу керек. Жайылым кезінде жасыл жем-шөп, концентраттар мен силос беру керек, ал қосымша азық ретінде тамырлы көкөністер берген абзал. Әсіресе, сәбіз бен бор, д дәрумендерінің препараттарын берген дұрыс. Одан бөлек үгітілген жұмыртқа қабығы, ағаш күлі, сүйек ұны сынды пайдалы азық берген жөн. Сонымен бірге ашық күндері күн сәулесіне жиі шығарып тұру керек.
Ас тұзының жетіспеушілігі салдарынан қойларда орталық жүйке жүйесінің зақымдануы орын алады. Өнімділігі төмендейді Ақуыздар мен майлар дұрыс сіңірілмейді.
Ал темір жетіспеушілігі болса алиментарлы анемия яғни қан аздық ауруы туындайды.
Химиялық тыңайтқыштардың көктеп қолданылуы су мен жем-шөпте нитраттар мен нитриттердің артуына алып келеді. Ал мұндай азықты жеген малдың ұрықтану қызметі бұзылады, ал нитраттар ағзада көп болып кетсе, тіптен мал өліп кетуі әбден мүмкін. Йод жетіспеушілігі кезінде қалқанша безде гипотериоз, мыс жетіспесе артқы аяқтары ақсап, ағза әлсірейді. Жүні баяу өсіп, мыс пен қорғаныс тып көп болып кетсе, эпизоотикалық атаксия болады. Кей элементтер қатты көбейіп кеткен жағдайда да белгілі бір аурулар пайда болуы мүмкін. Сол үшін малға азыққа берген кезде асқан ұқыптылық керек.
Еске салсақ, бұған дейін қой-ешкілерді жұқпалы инфекциялардан сақтау тәсілдеріне тоқталған болатынбыз. Сонымен бірге, жұқпалы емес дерттерге кеңінен тоқталған едік. Одан бөлек, қойыңыз ақсап қалса, ненің белгісі екенін де жазған едік. Қойлардың емделмейтін, арты өлімге әкелетін аурулары да көп. Ол туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
(Жалғасы бар)
Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».
Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы
Agroqogam.kz