Ұсақ мал арасында ең көп таралған ауру түрлері қандай

Бұған дейінгі мақаламызда біз қойларда кездесетін аурулардың алдын алу жолдарын айтқан болатынбыз. Бұл жолы қойлардың жұқпалы емес дерттерінің түрлеріне тоқталмақпыз. Ұсақ мал арасында ең көп таралған қой аурулары қандай деген сауалға жауап іздеп көреміз.

Жұқпалы емес қой аурулары мал үшін аса қауіпті емес және олардың емі бар. Бастысы – емді уақытылы бастау. Жұқпалы емес қой ауруларының түрлері өте көп. Мәселен, безоар ауруы.

Бұл —  мал асқазанында жүн мен өсімдік талшықтарының иленіп қалуы салдарынан болатын дерт. Көп жағдайда бұл аурумен жас мал ауырады. Олар енесінің сүті жеткіліксіз болғандықтан, ағзасына минералдар мен дәрумендер жетпей, нәтижесінде ол өзінің жүнін жей бастайды. Осылайша ол ағзасындағы пайдалы заттардың жеткіліксіздігін толтыруға тырысады. Ауру мал өзін жайсыз сезініп, асқа тәбеті болмайды. Басқа малдарға қарап, оның да жүнін жемек болады. Бұл ретте аурудың басты белгілерінің бірі олардың шырышты қабаттарыны көгеруі болуы мүмкін. Сондай-ақ қой үлкен дәретін шығармақ болып, барынша күшеніп жүреді. Аурудың алдын алу тәсілдері жоқ. Асқазанда безоар тастарының қатып қалмауы үшін толыққанды әрі дұрыс тамақтану қажет. Азық қажетті минералдармен дәрумендерге толы болуы керек.

Тимпания — ас-қорыту жүйесімен байланысты проблемалар жұқпалы емес ауруларға жатады.  Тимпания қойлардың жасы мен жынысына қарамастан барлық малдарда туындауы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан қойлар тамақ жемей, мазасызданады, іші кебеді. Ауруды емдеу үшін ауру малдың аузына арнайы түтікше тығады. Осылайша, артық газдар шығады. Кейде аталған ем түрі жақсы нәтиже бермеуі мүмкін. Ондай жағдайда хирургиялық ем қолдану қажет болады.

Желімі іріңдеп, инфекция жатыры мен бүйрегіне шапқан кезде қойларда цистит болады. Қой кіші дәретке жиі барып, қуығы ауырады. Ауру асқынған сайын, олардың дене қызуы көтеріліп, бүкірейе түседі. Циститті емдеу кезінде қойлар жеңіл азыққа көшіп, оған көп су берген дұрыс. Сонымен бірге оларға тұз бен хлорлысутегіне қосылған бензой қышқылын береді. Кей жағдайларда түрлі ерітінділердің көмегімен қуықты жуу қажет болады. Бұл үшін сульфаниламидтер мен антибиотиктерді қолдану арқылы екпелер егеді.

Улану. Қой иелері бұл проблемаға жиі тап болып жатады. Улануға улы өсімдіктерді жеу себеп болуы мүмкін. Қойлар қатты құсып, іші өте бастайды, азықтан бас тартып, дене қызуы көтеріледі. Улану әсіресе қозылар үшін өте зиян. Қатты ауырған қозылар өліп кету қаупі бар. Сол себепті күнбағыс майын (110 мл) және арналйы тұз ерітіндісін пайдаланып асқазанды тазалау қажет (550 мл суға 60 г тұз).

Экзема кезінде малдың тері қабаты қабынып кетеді. Әсіресе, химиялық, механикалық немесе зеңді тітіркендіргішге аллергиясы бар қойлар экземаға шалдығады. Дұрыс емес азықтанған қойларда да экзема болуы мүмкін. Бұл ретте малдың терісінде қызарулар мен бөртпелер пайда болады. Ал қой күннен күнге арықтай береді. Мұндай ауруды емдеген кезде бауырды демейтін дәрілер беріледі. Сонымен бірге қойға басқа азық беру керек. Азық гипоаллергенді, қауіпсіз болғаны дұрыс. Сондай-ақ дәрумендер курсын өткен абзал. Мұндай кезде қойларды күн сәулесінен қорғап, көлеңкелі жайылымдарда жаю керек.

Бронхопневмония дертіне шалдыққан қойлардың өкпесі қабынып, бронх тамыры зардап шегеді. Ауру малдың денесі қызып, мұрнынан иісі жағымсыз шырыш бөлінеді. Емге сульфаниламидтер қолданылады.  Одан бөлек, гамма-глобулин мен антибиотиктерді де пайдалануға болады. Жүректің дұрыс жұмыс істеуі үшін арнайы демеу беретін препараттарды да беруге болады. Ауру малға азықты диетамен берген жөн.

Қойлардың ауыз қуысының қабынуы стоматит деп аталады.  Бұл бірқатар биологиялық факторлардың, оның ішінде химиялық немесе термиялық әсер ету салдарынан болады. Ауру мал шайнаудан қалады, жаралар пайда болады. Тілі аппақ болады. Одан бөлек, сілекей ағып, ал шайнаңдай береді. Емдеуді бастар алдында малға сұйық азық беріледі. Кисельге ұқсас, шырышты азықтар арнайы таңдалады. Сутегінің асқын тотығының қойдың ауыз қуысын тазалап отыру керек.

Қойлардағы конъюнктивит бірнеше түрге бөлінеді. Дерттің түріне қарай түрлі белгілері  пайда болуы мүмкін.

Мәселен: катаралды – малдың көзі  жартылай жабық, жарықтан қорқу, көзінен жас тоқтамай ағу, ісіну және конъюнктива қызарады;

Іріңді – көзден ірің ағып, көздің шырышты қабаты жара болып кетеді;

флегмонозды – конъюнктива алға шығып, көздің шырышты қабаты ісініп кетеді;

фолликулярлы – үшінші қабақтың ішкі жағының фолликулалары ісінеді.

Бұл ауруды емдеу үшін көздің шырышты қабатын іріңнен тазартып отыру керек. Бұл үшін бор қышқылының сумен араласқан ерітіндісі пайдаланылады. Одан бөлек кортикостероидты және антибиотикті мазьдар жағылады. Фолликулярлы формасының алдын алу үшін ляпис қарындашы қолданылады.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.