Үйгентас қайта аудан бола ала ма?

Былтыр мамыр айында редакциямызға бұрынғы Алматы, қазіргі Жетісу облысы Алакөл ауданының тұрғындары хабарласып, жанайқайын жеткізген. 1997 жылы Алакөл ауданына біріктірілген Алматы облысының бұрынғы Үйгентас ауданының тұрғындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына алаңдап, елдімекенге аудан статусын қайтаруды бірнеше жылдан бері сұрауда.

Бүгін брифингте Бейбіт Исабаев мәселе шешудің өзгеше амалын қолға алынып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.

Үйгентастқтар көтеріп келе жатқан аудан мәртебесін қайтару мәселесі біраз жыл бойы айтылып келеді. Аудан белсенділері тіпті ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін видеоүндеу жазған. Амандық Баталовтың кезінен бері шешілмей жатқан проблема Бозымбаевты да елең еткізбеген еді. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев мәселені қалай шешетінін журналистермен кездесу кезінде баяндады.

«Қабанбайда болдым, ауыл ақсақалдарымен екі сағат бойы әңгіме-дүкен құрдық. Бәріміз ортақ шешімге келдік. Халқының саны екі есеге азайып кеткен,  ішкі құрылымдары ауданға сай келмейді, ауданның статусы берілмесе де, ауданның статусы бар мекемелерге жағдай жасау, үй салу, спорт, мәдениет объектілерін салып беру жағынан көмектесу туралы келісімге келдік. Екі мектеп салатын болдық. Қабандай мен Лепсіге дейінгі жолды жөндейтін болдық. Колледж мәселесі сөз болды. Аудан болмаса да, әлеуметтік инфрақұрылымдық деңгейге сай келмесе де, аудан мәртебесі бар елдімекендерге сай келетіндей көңіл бөлуге келістік. Қосылғыштардың орнын ауыстырсақ қосынды өзгермейді», — деп жауап берді әкім.

Айтолқын Адырбай,

Жетісу облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.