Қой төлдерін арттыру: Саулықтың көпұрықты болуына не әсер етеді

Қой шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жүйесінде қойлардың төл әкелу қарқындылығына және бірінші кезекте малдардан анағұрлым көп төл алуға мән беріледі. Бұл ретте алынған төлдерді аман алып қалу да үлкен рөлге ие. Бүгінгі мақаламызда қойлардан көп төл алу үшін не істеу керектігін айтамыз.
Жалпы қойлардың өнімділігі және өсімталдығы әдеттегідей қойдың жасына, қашу уақытына, олардың күтіміне және жағдайына көп байланысты. Десе де ең басты назар аударатын жайт – олардың тұқымы. Анағұрлым өсімтал қой тұқымы болып – романов, фин ландрасы, клан-форест, колбред сынды қой тұқымдары – көпұрықты болып келеді. Бұл тұқымдардың саулықтары әдетте жылына екі-үш төл әкеледі. Өзге тұқымдарды егіз төл алу орта есеппен алғанда 10-15 пайызға тең, ал үшем алу – сирек кезедседі. Ал етті-жүнді саулықтар орташа алғанда 25-30 пайызға тең. Қысқа жүнді етті-жүнді қойлар ұзын жүнді қойларға қарағанда анағұрлым ұрықты.
Көпұрықтылық көп жағдайда тұқым қуалайды. Және оларды басқа тұқыммен будандастырғанда тұқымішілік жаңа тұқым пайда болады. Мәселен, көпұрықты романов тұқымды қойды аз ұрықты қаракөл тұқымымен қосқанда көпұрықты қаракөл пайда болған. Мұндай қаракөлдерден алынған төл жергілікті қаракөлдерге қарағанда 42 пайыз артық төл берген. Бұл екі мүлдем бір-біріне ұқсамайтын қой тұқымын бір-біріне қосудың маңызын білдіреді.
Қой төлдерін көпұрықтылыққа және өзге де белгілер бойынша қалай іріктеп алады?
Асыл тұқымды малды систематикалық түрде іріктеу арқылы қойдың көпұрықтылық қасиетін анағұрлым арттыруға болады.
Көпұрықтылықты арттыру үшін бірінші төлдегенде егіз-үшем төл берген саулықтарды іріктеп алу керек. Олардан болашақта егіз туу ықтималдығы еке есе көп болады. Сонымен бірге көпұрықты саулықтан туған қошқарлардан алынған саулықтар да көпұрықты болып келеді. Сол себепті бұл тұста дәл іріктеп алудың маңызы зор. Отардағы егіз төлдердің санын арттырудың ең негізгі амалы осы.
Ұрғашы тоқтылардың тірі салмағының көп болуы олардың көпұрықты болуының белгісі. Мұндай ұрғашылар көп жағдайда 7-8 айлығында қашады. Бір емес, бірнеше мәрте таңбаланған қошқармен қашқан саулықтардан ұрықтануға қабілеті жоғары қой отары қалыптасады. Қалған малдарды іріктейді немесе өзге мақсатта пайдаланады. Алайда олардың ұрықтану көрсеткіштері төмен болатынын ескеру қажет.
Малдардың ұрықтану қызметін толығырақ пайдалану үшін оларды қашу кезеңіне жақсылап дайындау қажет. Ал одан кейінгі кезеңде сүтті саулықтарды толыққанды тамақтандырып, жқсы күтім жасау керек.
Саулықтардың қондылығы қашу кезінде де, буаз кезінде де орташа деңгейден жоғары болуға тиіс. Зауыттық кондициядағы қойларда барлық ұрықтанған аналар жасушасы жатырдың шырышты қабатынана жабысып, ұрықтану тиісті деңгейде өтеді. Ал кондициясы төмен саулықтар көп жағдайда қайта күйлейді. Сондықтан, күйлеу кезінде саулықтардың жай-күйіне көбірек мән берген дұрыс. Жай-күйі жоқ малдарда ұрықтану кезеңі ойдағыдай өткенімен, ұрық көп жағдайда 9-шы бластодермикалық көпіршік пайда болған күні немесе 20-21-ші күні өледі. Тұқымға байланысты болатын көпұрықтылық, сондай-ақ саулықтың жасына да тікелей қатысты. Мәселен, жас саулықтарға қарағанда бірнеше тума саулықтар егіз қозыны көбірек төлейді. Биязы жүнді қойлар 5-7 жасында көбірек егіз тууға бейім болса, қылшық жүнді саулықтар 4-6 жасында егізді көптеп туады. Жасы өскен сайын егіз төлдеуінің себебін түсіндірген ғалымдардың айтуынша, ауру әрі әлсіз саулықтар отардан өздері-ақ іріктеліп шығуымен байланысты. Одан бөлек, қойлардың тістері неғұрлым сау болса, олардың денсаулығы да жақсы деп есептеледі. Егіз төлдейтін саулықтың тісті жақсы болатынын ескеру қажет.
Тағы бір айта кететін жайт, саулықтардың егіз төлдеуіне олардың тірі салмағы да үлкен рөл ойнайды (өз тұқымы шегінде). Мәселен, тірі салмағы 50 келі болатын романов қойларының көп төлдігі орташа есеппен 220 пайызға тең болса, ал тірі салмағы 60 келі болатын саулықтың көптөлдігі 240-276 пайыз аралығында болды. Саулықтар селекциясы кезінде тірі салмақ көрсеткіштерін пайдалану қиындық келтірмейді. Ол үшін саулықтарды қырықтықтан кейін және күйлеу алдында тиісті топтарға бөледі.
Еске салсақ, біз бұған дейін қозыларды жасанды қой сүтін алмастырғыштың көмегімен қалай өсіру керектігі туралы жазған болатынбыз.

(Жалғасы бар)
Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».
Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы
Алматы облысы,
Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.