Қой терісін сұрыптау және сапалы тері алудың негізгі жолы

Былғары өнеркәсібіне қатысты қажетті ақпараттарды бөлісуді жалғастырамыз. Бүлінген қой терісін дұрыс сұрыптаудың да мемлекет белгілеген стандарттары бар. Одан бөлек, бүгінгі материалымызда қойдың терісі сапалы болу үшін неге мән берген жөн деген сұраққа жауап іздейміз.

Тұщы құрғақ, ыстылған және тұрмыстық мақсатта қолданылған, одан бөлек, жүнінің ұзындығы 0,5 см-ден аз болатын қой терілерін бөлек сұрыптаған дұрыс. Олар IV сұрыпқа сай келмейді.

Сұрыптаған кезде тондық және қой терісінің үлбіріндегі мұздату кезіндегі ақаулар, тікендер (20 талға дейін), тері сызығынан 3 см орналасқан кейбір бүлінген жерлер есепке алынбайды.

Қой терісі үлбірлерінде ауданы бойынша 20 см2 –ке тең бүлінген жерлері болса да, есепке алынбайды. Тері шетіндегі үш бүлінген тұсы терінің негізгі ауданындағы бір ақауға бағаланады.

5 жерден шағын ақауы бар терілер 1-сұрыпқа жатады. Егер ақаулар шетінде ғана емес, ортасында болса, онда мұндай терілер 3-сұрыпқа жатады.

Бұған дейін айтып өткеніміздей, терінің тауарлық және технологиялық қасиеттері малдардың тірі кезінде-ақ қалыптасады. Сондықтан терінің сапасы жақсы болуы үшін мал тұқымын асылдандыру бойынша жұмыс деңгейін арттырып, азықтандыруды жақсарту жұмыстарына баса мән берген дұрыс. Осыған байланысты, терілерді бастапқы өңдеу техникасын жөнге келтіру қажет. Сонымен бірге, шикізат сапасының төмен болуына әсер ететін бірқатар жайттарға назар аударған жөн.

Қазіргі таңда етке өткізілетін қойлардың қоңдылығы төмен деңгейде, өз кезегінде бұл қой етінің, де терісінің сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайды. Арық қойлардың терісіндегі ұлпалар да өте нәзік, иленіп қалған болады. Ондағы қылшықтары өңдеуге жарамайды. Мұндай терілерден құндылығы төмен заттар жасайды. Мәселен, киімге арналған астарларды, қолғаптарды дәл осындай астарларды жасайды. Сондықтан, былғары өнеркәсібінде терілері жарамды болу үшін бірінші міндет қойлардың қоңдылығын арттыру. Бұған жайылымға шығару уақыты мен қорада азықтандыру кестесін бір жүйеге келтірген дұрыс. Ал тіпті жарамсыз малдарды дұрыс баптап, байлап ұстау керек.

Терілердің сапасыз болуына әсер ететін тағы бір фактор – қойды сою алдында қырұу мерзімдерін сақтамау. Көп жағдайда қойды қырқып алып барып союды. Ал бұл терінің сапасына кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде мұндай терілердің тек қана жүні ғана жарамды болады.

Шаруалар ескере кететін бір жайт, қойды ол өз бабына келіп, әбден қоңды болған кезде, ал жүнінің ұзындығы тондық және үлбірлі тері өнеркәсібіне жарамды дәрежеде өскенде ғана сою керек. Мәселен үлбірлі терілер үшін жүн ұзындығы 3 см болуы керек, тондық терілер үшін жүннің ұзындығы 3,5 см болуға тиіс. Жүнінің мұндай ұзындығы қойды қырыққаннан кейін екі айдан кейін өседі. Бұл орташа есеппен алғанда. Сондықтан, етті бағыттағы қойларды қырқу оны союға өткізбес бұрын 1,5-2 ай ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Тон-үлбірлі шикізатты сараптау арқылы тері сапасы малдардың сойылған мерзіміне байланысты болатынын көрсетті. Қойларды бордақыламайтын шаруа қожалықтары күзде сойған малдан сапалы тері алады. Бұл жайылымдық мерзім аяқталатын уақыт. Сол себепті бұл мерзімді сапалы ет және тері алу үшін ұтымды пайдаланып қалу керек.

Ал асылтұқымды қойлардың терісінің сапасын арттыру үшін селекция тәсілдерін тиімді қолданған жөн. Әлсіздеу қойлардың жарамсыздығын өте қатаң түрде анықтау керек. Жүні күрмектелген әрі бұралған, штапельді ашған кезде терінің емізікше қабаты зақымдалған малдарды жарамсыздардың қатарына қосқан дұрыс. Шелі қабатының берік болуына, жүннің қалыңдығына, оның жабын бойымен біркелкі әрі бірқалыпты болуына назар аудару керек.

А.Н. Машковтың (1964) деректеріне сүйенсек, жекелеген биязы жүнді қой тұқымдарының арасында шелі әлсіздеулерінің меншікті салмағы айтарлықтай жоғары болады (66-82%). Сондықтан, биязы жүнді қой тұқымдарын асылдандыру жұмыстарын жүргізу кезінде шелқабаттың беріктігін, қалыңдығын арттыруға, сонымен бірге біркелкі етуге көбірек назар аударған дұрыс.

Жартылай биязы жүнді тондық терілердің механикалық және беріктігінің сапасы жоғары болады. Сол себепті олардың сапасын арттыруға назар аударғанда олардың қалыңдығын жақсартуға мән берген дұрыс.

Осы тұста былғары өнеркәсібі үшін құнды қой тұқымдарының қатарына – романов және орыс қойлары. Өнеркәсіп үшін осы тұқымдағы қой басын арттыру маңызды.

Сонымен бірге шикізаттың сапасын сақтау үшін малды сойғаннан кейін оны сүрлегенге дейін 2 сағат өткенін қадағалаған дұрыс. Осы уақыт аралығында тері ұлпаларында шіру процесі белсенді түрде жүре бастайды. Жұқпалы емес аурулардан өлген қой терісінің бір бөлігі оның тушасымен бірге көмеді. Терілердің сапасыз болуы, олардың жарамсыз күйге түсуі көп жағдайда мал шикізаты бойынша мамандардың тапшылығына тікелей байланысты. Сонымен бірге, сүрлеуге арналған арнайы заттардың (ас тұзы, хлорлы аммоний, аммоний сульфаты, алюминий-калий ащыдастары) болмауы, мал союға арналған қойма және алғашқы өңдеу, қой терілерін сүрлеу және сақтауға арналған жайлардың болмауы әсер етеді.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы,

Алматы облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.