Қой саулықтарының сүтті болуы үшін нені ескеру қажет?

Қой саулықтарының сүтті болуы қой шаруашылығымен айналысып отырған шаруалар үшін аса маңызды. Себебі, қой сүті сапалы әрі мол болған сайын олардың төлдері де соншалықты дені сау болып өседі. Бүгінгі мақаламызда біз қойдың сүттілігін бағалай жолдары мен оның құнарлы болуына әсер ететін бірқатар факторларды сөз етпекпіз, деп жазады agroqogam.kz.

Қазіргі күні қой саулықтарының сүтті не сүтті еместігін анықтау үшін бірнеше айла-тәсіл қолданылады.

Біріншіден, қозы алғашқы туғаннан бастап негізінен енесінің сүтімен азықтанады. Осының арқасында анасының сүтті болуы мен қозылардың алғашқы айындағы салмақ жинауының байланысын айқындауға болады. Саулықтың сүтті не сүтті емес екенін қозылардың алғашқы 20 күніндегі салмақ қосуына қарай бағалайды. Бұл ретте 20 күндік қозының салмағынан туғандағы салмағын алып тастап, оның 5-ке (тірі салмақтың 1 келіге өсуіне кететін ене сүтінің мөлшері). Одан шыққан нәтиже аталған кезеңдегі саулықтардың орташа сүттілігі деген сөз.

Екіншіден, қойлардың сүттілігін желіннің жартысынан шығатын сүт мөлшері арқылы есептейді, желіннің екінші жартысын қозыға береді. Одан бөлек, белгілі бір уақыт аралығында бақылау үшін арнайы сауу арқылы да сауықтың қаншалықты сүтті екенін анықтауға болады. Бұл тұста бақылауды араға 10, 15 немесе 20 күн салып жасап отыру қажет. Ал бақылау кезінде шыққан нәтижені сол аралықтағы күндер санына көбейтін, белгілі бір кезең аралығындағы сүттіліктің мөлшерін анықтайды.

Қойдың сүтті не сүтті емес екенін білу, осылайша, тек қана лактацияның алғашқы айында ғана мүмкін болмақ.

Сонымен қатар алғашқы екі айда қозыларды ұдайы емгенге дейін және емгеннен кейін өлшеп отыруға болады. Мұндай бақылауларды әр 10-15 күн  сайын 24-48 сағат бойы жүргізген абзал. Десе де бұл тәсілді қолданған кезде кей сүтті саулықтардың қозылары желіндегі сүттің барлығын емуге шамасы жетпей қалатынын да ескерген жөн.

Бақылау коэффициенті деген норма арқылы саулықтардың сүттілігін лактация кезінде толық бақылауға мүмкіндік береді. Бақытау коэффициентін отардағы 10 қойға жүргізеді. Сауын (таңертең-түсте-кеште)/ сауын (таңертен). Осыдан шыққан санды таңғы сауыннан алынған сүті мөлшеріне көбейту арқылы оның сүттілігін лактацияның кез келген күнінде анықтауға болады.

Бұдан басқа сүттілікті анықтаудың жеңілдетілген тәсілі де жоқ емес. Оған назар аударсақ:

Лактацияның бақылау көрсеткіші лактация кезіндегі сүттілігі/лактацияның белгілі бір күніндегі тәуліктік сауын мөлшеріне тең.

Қозыларды ене сүтінен айырғаннан соң қойлардың сүттілігін анықтаудың тағы бір тәсілі – сауу. Алайды қомен сауу кезінде желіндегі барлық сүтті сауып алумүмкін емес болғандықтан, көптеген елде бақылау сауынның алдында қойларға окситочин дәрісін егеді. Бұл препарат сүттің ағзадан толық шығуына әсер етеді.

Елтірі қойларды сауу қозыларды сүттен ажыратқан соң басталады. Лактация кезеңі мұндай қойларда 4-5 айға созылады.

Қойларды қолмен немесе арнайы машинаның көмегімен жүзеге асырады. Қолмен мауғанда оларға арт жағынан және жанынан сауған абзал. Сауын сауу процесі ыңғайлы болу үшін арнайы алаңқайлар дайындайды. Сауар алдында желінді жылы сумен жуып, тазалап, сүртеді. Одан соң желінді иітіп алады. Бұл үшін сол қолмен желінді ұстап, оң қлдың саусақтарымен желіннің ұштарын жоғарыдан төменге қарай қыса басып, тартады. Соңында желінде артық сүт қалып қоймас үшін сол қолмен желінді ұстап, оң қолмен қалған сүтті сауып алады.

Дегенмен, машина арқылы сауған кезде еңбек өнімділігі артып, жұмыс жеңілдейді және сүттің санитарлық-гигиеналық қасиеттері жақсара түседі. Майқұйрықты және құйрықты қойларды сауғанда сауыншы жанынан жақындауы керек. Бұл сүттің анағұрлым таза саууға мүмкіндік береді.

Бұл мақсатта Ресейде ДУО-24 деп аталатын сауу құрылғысы жасап шығарылған. Бұл құрылғы параллель орналасқан екі платформадан тұрады. Бұл платформалар бір уақытта 24 қойды саууға мүмкіндік береді. Бокс орнатылған платформа жерден сәл ғана жоғары орналастырылуы керек немесе оны жерге қойған дұрыс. Еденнен 75-80 см-ге биік тұруы тиіс. Ал платформалар арасындағы арақашықтық 120-150 см болуы керек. ДУО-24 құрылғысының өнімділігі 4 жұмысшы болса, сағатына 60 қойға тең.

Қойларды мұндай құрылғымен саууға бейімдеуді оны орналастырғанға дейін 7-10 күн бұрын, қойлар қозыларының жанында болғанда кезде бастаған дұрыс. Саулықтарды жем-шөп салынатын арнайы орынға қарай жақын орналастыру қажет. Олардың бұл құрылғыға үйреніп кетуі үшін 2-3 күн қажет болады.

Қойлар аталған құрылғыға үйреніп кеткен соң олардың төлдерін сүттен айырып, сауа бастайды.

Қой сүтін жаңа сауылған күйінде пайдаланбайды. Арнайы ашытқылардың көмегімен олардан йогурт, ірімщік, сүзбе, қатық, айран және т.б. әзірлейді.

Қой сүтінен жасалған йогурт сиыр сүтінен жасалғанға қарағанда сіңімді болады. Себебі сүт майлы болғандықтан, дәмі қышқыл тартпайды.

Келесі материалымызда қой сүтінен қандай өнім жасауға болатынына тоқталамыз. Бұған дейін Қой сүтінің қасиеті: Құрамы және ерекшеліктерін жазған едік.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы,

Алматы облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.