Төрт түліктің бірі – қой ақазақ үшін ата-баба кәсібі. Сондықтан қой шаруашылығына ден қойған қазақстандық шаруалар көп жағдайда ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелік ілімге көп сүйенеді. Десе қойды азықтандырудың ғылыми негізделген нормалары мен бекітілген рационы да жоқ емес. Бүгінгі мақаламызды осыған арнаймыз.
Ғалымдардың пайымдауынша, қойларды азықтандыру малдардың жынысы, жасы және физиологиялық жай-күйіне байланысты болады. Түрлі бағыттағы қой тұқымдарындағы энергетикалық және ақуыздық алмасу, маусымдық зат алмасу мен қуаттылық деңгейі түрліше болады. Ал буаз және тлді қойлардың азығын әзірлеу тіптен басқаша болады.
Қойлардың азықтану рационын олардың өмір сүру аймағына, шаруашылығына қарай есептейді. Қойлардың азықтандырудың дифференцияланған түрі 1985 жылы ТМД елдерінің ғалымдары, профессорлар А.В.Модянов, И.В.Хаданович, А.Н.Ефремов, Т.И.Сарбасов, Т.К.Рисимбетовтармен жасалған.
Қорада ұстайтын мерзімде жүнді, етті-жүнді, жүнді-етті, романов, етті-құйрықты, қаракөл қойларына арнап азықтандыру нормалары жасалған.
Ал жайылымдық мерзімде бұл норманы әдетте 15-20 пайызға арттыру керек.
Қойларда зат алмасу мен қуаттылық өте жылдам жүреді. Сондықтан ірі қарамен салыстырғанда олардың ағзасы құнарлы заттарды келісіне шаққанда анағұрлым көп жоғалтады.
Энергетикалық және ақуыздық алмасу процесі түрлі қой тұқымында түрліше өтеді. Мәселен ересек қойлар буаз кезінде өте көп энергия жұмсайды, ал төлдер егіз болса бұл салмақ екі есеге дейін арта түседі. Әсіресе буаздық кезеңінің соңғы айында салмақтың әсері өседі. Негізгі алмасу процесі төлі бар қойларда тіптен көп болады, десе де лактация кезеңінде олардың тамақты тез сіңіруіне мүмкіндік береді. Қошқарларды зат алмасу мен энергия алмасу процесі тоқтыларға қарағанда өте жоғары. Сонымен бірге, енді өсіп келе жатқан төлдердің азғасы да астан қуат алады. Бұл олардың ересектерден басты айырмашылығы деуге болады.
Тағы бір қызық жайт, қойардың ағзасы күкіртті өте көп қажет етеді. Бұл олардың терісіндегі жүн талшықтарының көп болуына әсер етеді. Яғни жүн талшықтарының бір бөлігі кератиннен тұрады, ал кератиннің 2,5-5,5- пайызы күкірт. Яғни, бұл элементтің болуы қой етіндегі күкірттің мол болуына әсер етеді. Сондықтан жүнді бағыттағы қойлар етті-жүнді және романов қойларына қарағанда құрамында күкірті бар азықтарды көбірек қажет етеді.
Ал азық құрамында күкірт жеткіліксіз деңгейде болса, онда құнарлы заттардың ағзаға сіңірілуі нашарлайді. Бұл ретте жасұнық, азотты заттар дұрыс сіңірілмей, қойлардың сақмақ қосу бәсеңдейді, жүні де өспей қалу қаупі артады. Сол себепті қойларға күкірті бар азық беру, күкірті бар аминқышқылдарымен қамтамасыз ету үшін рациондарда синтетикалық азотты заттар пайдаланудың өзекті.
Одан бөлек қойлардың ағзасы 100 келі тірі салмаққа 3,2-3,8 құрғақ заттар жұмсайды. Түйіршіктелген құрғақ қоспаларды пайдалану арқылы құрғақ заттардың сіңірілу деңгейін 4,2-4,5 келіге дейін арттыруға болады.
Күйлемеген және буаздықтың алғашқы айларда қойлардың энергия алмасуында еш өзгеріс болмайды. Алайда буаздықтың соңғы айларында энергия алмасудың қуаттылығы артады. Қырықтық кезінде қойлардан алынған жүннің жуылғандағы салмағы 2,5 келі болса, онда 1 бірлік азық деп есептегенде 90 г қорытылатын протеин қажет болады. Етті-жүнді қойларда бұл қажеттілік 80 гр тең болса, романов қойлары 90 г протеинді қажет етеді.
Буаз қойлар протеинге қажеттілігі аталған мөлшерден 10-15 пайызға артық. Ал қой төлдері (4-6 айлық тоқтылар) 120-130 г протеинді қажет етеді. Бір жасқа келгенде қажетті протеин мөлшері шамалы азайып, 100-110 гр тұрақтайды.
Рационда түрлі формадағы көмірсулардың тиімді көрсеткіші болуы үшін онда шикі жасұнық, жеңіл қортылытаныт көмірсулар болуы тиіс. Одан бөлек азық құрамында қанттың боғланы да абзал. Көрсеткішіне келер болсақ, 1 келі тірі салмаққа қантпротеиндік 0,5-0,9 қатынаста 2,5-3 г болуға тиіс.
Алты айға дейінгі қозылардың азық рационындағы құрғақ заттағы жасұнық мөлшері 13 пайыздан, 15-17 айлық тоқтыларда 25 пайыздан, ересек қойларда 27 пайыздан аспауы тиіс. Жасұнық мөлшерін арттырса, онда рацоиндағы барлық құнарлы заттардың қорытылуы нашарлайды.
Сонымен бірге кальций, фосфор, күкірт, магний және ас тұзы секілді макроэлементтердің, йод, кобальт, мыс, марганец, мырыш, темір, В дәрумені (кальциферол), каротин секілді микроэлементтердің нормалары да бар. Ересек қойларға арналған нормаларды қозыларға берген кезде 12-15 пайызға арттырған жөн.
(Жалғасы бар)
Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».
Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы
Алматы облысы,