Қой шаруашылығын интенсификациялауға байланысты шаруашылықтарда қозыларды жасанды сүтпен өсіру кең етек жайып отыр. Бүгінгі материалымыз жасанды сүт берудің қозылардың ағзасына әсері қандай, зияны немесе артықшылықтары бар ма деген сауалдарға жауап беретін боламыз, деп жазады agroqogam.kz.
Негізінде көп жағдайда егіз, енесі сүтті емес немесе жетім қозыларды осы тәсіл арқылы өсіру үшін іріктеп алады. Алғашқы 2-3 тәулікте қозы міндетті түрде өзінің, өзінікі енесі болмаған жағдайда өзге саулықтың уызын ішуге тиіс. Ал енесінен айырғаннан соң 4-5 сағат өткеннен кейін төлге жасанды қой сүтін алмастырғыш бере бастайды. Алғашқы тәулікте бір бергенде 150 граммнан тәулігіне 4-5 мәрте беру керек. Бұдан кейін 15 тәулікке дейінгі қозыларға сүт алмастырғыштың тәуліктік нормасын 200-250 граммға дейін арттыру қажет. Ал 16-шы тәуліктен 35-40 күндікке дейін 400-450 граммнан күніне 4-5 мәрте берген дұрыс. Сонымен бірге 10 күндік қозыларға ақырындап құрамында 1 кг сіңірілетін протеині бар жоңышқа мен комбижем, ал айлық қозыларғ жоғары сапалы, түйіршіктерінің диаметрі 6-8 мм болатын түйіршіктелген азықжемдер мен су берген жөн.
Сүт алмастырғышпен өскен кепелерге сапасы жоғары жем мен көк шөп беру керек. Одан бөлек, азық рационына көптеген фермер комбижем мен түйіршіктерді қалағанынша берген дұрыс.
Жасанды түрде бағып отырған қозыларды алғашқы 15 күнде топ-тобымен 10-12 бас қылып, ал 16-40 тәуліктік қозыларды 20-24-тен, 36-120 күндіктерді 40-50 бас қылып ұстайды. Жайдағы ауа температурасы 15-18 градустан асырмау және түсірмеу керек.
4 айдан асқан төлдер түйіршіктелген жемқоспаға ауысады. Бұл жемқоспалардың құрамында 60-65 пайыз шөн ұны мен концентраттар 35-40 пайыз болғанын қадағалайды.
Жасанды қой сүтін алмастырғыш, комбижем мен шөп жеп өскен қозыларды сақтап қалу – басты міндет. Оларды ары қарай да жақсы азықпен күтіп, баптаса олардан сапалы жас ет алуға мүмкіндік әбден бар.
Осы ретте жемқоспа ұғымымен кеңірек таныса кетсек. Көп жағдайда жасанды азықтандырылған қозыларға жемқоспаларды беруді ғалымдардың өзі ұсынады. Бұл біріншіден, малдарға стационарлық немесе мобильді құралдар арқылы азық тарату үшін олардың физика-механикалық қасиеттері бір-біріне ұқсас болуы керек. Жемқоспалар дәл осы тұрғыдан өте ұтымды азық болып саналады. Олар түйіршікті, брикеттелген. Жемқоспалар өзге жемнің жақсы сіңуіне әсер етіп, мал азығына азотты және минералды заттарды қосуға жақсы мүмкіндік береді.
Жемқоспаларды мал, оның ішінде қойлар да өте жақсы жейді. Себебі олардың құрамында аз болса да (20-30 пайыз) сабан мен ұсақталған ірі жемдер бар. Жемқоспаларға қосылатын ұсақталған жемқоспалардың көлемі 10-15 мм болуға тиіс.
Ірі фермаларда кез келген малға түйіршіктелген жемдерді береді. Жемдерді түйіршіктеудің артықшылығы көп. Біріншіден, оларды сақтау, тасымалдау және малға беру айтарлықтай жеңілдейді. Қоспаларды түйіршіктеу олардың құрамына сабан қосып (70 пайызға дейінгі көлемде) жіберуге мүмкіндік береді. Осы арқылы сабаннан қалатын қалдықтарды барынша азайтып, шаруашылықты тиімді етуге болады. Малдар мұндай жемқоспаларды түгелімен жеп қояды.
Түйіршіктелген жемқоспалар қойлардың жүн өнімділігін 30-35 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жас, жаснды сүтпен өскен жас малды бордақылаған кезде осындай жемқоспаларды берудің пайдасы көп. Олардың тәуліктік салмақ қосуы бірден 25-40 пайызға артады.
Түйіршіктелген жемдердегі құнарлылығы аз, сабанның мөлшері берілетін малға қарай анықталады. Мәселен, ісектер мен буаздықтың бірінші кезеңіндегі саулықтарға сабанды 70 пайызға дейін қосуға болады, ал жас малға берілетін азықта сабанның құрамын 30 пайыздан аспау керек.
Брикеттелген жемдер түйіршіктелген жемдерге қарағанда бірқатар артықшылыққа ие. Оларды ажсау үшін аз күш жұмсалады, олар малдардың физиологилық қажеттіліктерін толықтай өтейді. Себебі брикеттердегі бөліктердің көлемі 10 мм-ден аспайды. Қойлар үшін брикеттерді даярлаған кезде олардың тығыздығын 300-450 кг/м2-ден асырмаған дұрыс. Брикеттер де түйіршіктер секілді толық рационды азық болып саналады, сондықтан оларды қоспа ретінде сүрленген жемдерге қоспа ретінде беруге ұсынылады.
Еске салсақ, бұған дейін қойды бордақылағанда нені ескерген жөн екенін жазған болатынбыз
(Жалғасы бар)
Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».
Қазақшаға аударған: Айтолқын АДЫРБАЙҚЫЗЫ
Алматы облысы,