Ақтөбе облысында 1 литр өсімдік майының құны 608 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысының тұрғындары үшін өсімдік майына шекті баға белгіленді. Жыл басынан бері күнбағыс майының құны 10 пайызға қамбаттап, қазір қат тауарға айналған. Ірі супермаркеттерінде бір адамға 1 литрлік екі, ал 2 литрлік бір құты ғана сатылады. Бұл шектеу үш айға созылуы мүмкін.
«Күнбағыс майын дайындауға арналған шикізат құны 53 пайызға көтерілді. Біз алдағы 90 күнде де не боларын білмейміз. Бәлкім биыл шығым жақсы болып, шикізат бағасы төмендеруі мүмкін», — деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.