Жылыту маусымы: құтқарушылар қауіпсіздік талаптарын еске салды

Gov.kz

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алдағы жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсынысын жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол өз сөзінде бірқатар қауіпсіздік талаптарын тілге тиек етті. Нақтырақ тоқталар болсақ:

– жылыту жүйелерін алдағы жылыту кезеңіне жөндеу және дайындау;
– түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін тікелей жылыту маусымы кезінде басталар алдында, сондай-ақ кемінде үш айда бір рет күйеден тазалауды жүргізу;
– электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша төселген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
– электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз, жылыту үшін қолөнер өндірісінің стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;
– пештерді теспеңіз, жанғыш материалдарды, кірлерді жанып жатқан пеште кептірмеңіз;
– аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;
– балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.

– қызмет көрсететін компаниялар қаланың коммуналдық-тұрғын үй қорының шатыр және жертөле үй-жайларына кіруді шектеу жөнінде шаралар қабылдасын;
– жалпы көпшілік көп жүретін орындарында өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету, өртке қарсы қорғау жүйелеріне уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу, эвакуациялау жолдары мен өрт техникасына арналған кірме жолдарды бөгемеу, сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ақаусыз күйде ұстау.

«Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңай. Өзіңізді және жақындарыңызды өрттен қорғаңыз, күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз», – деп Еркін Отарғалымұлы сөзін аяқтады.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.