Жүздеген ауыл әкімі көрсеткіштерді «жақсарту үшін» жалған статистика берген

Түркістан облысы прокурорлары жүздеген ауыл әкімінің «ерекше» көзбояушылық әрекетін әшкере қылды. Көрсеткіштерді «жақсы» етіп көрсету үшін ауыл басшылары статистикалық есептерді дұрыс бермей келген. Салдарынан әкімдерге 5 млн теңге түріндегі айыппұл арқалады, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған Аgroqogam.kz.

Түркістан облысында жайылымдық жерлердің тапшылығын қолдан жасаған. 174 ауылдың әкімі статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған.

«Қолжетімді жайылым» жобасының аясында ауыл әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған», — делінген хабарламада.

Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған.

Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтірілген. Ведомствоның мәліметіне сай, облыс бойынша жайылымдық жерлер бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн гектардан 652 мың гектарға дейін төмендеген.

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары қолға алынған.

«Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігіне, ауылшаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айтолқын Адырбай,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.