Ырғайты тұрғындары: «Су үшін ағайынмен жаға жыртысуға тура келеді»

Алакөл ауданының тұрғыны Бейбіт Исабаевпен кездесу кезінде Жаманты өзенінің бойынан су қойма салу қажеттігін айтты. Айтуынша, бүгінде дәл осы су үшін ағайынмен арадағы қатынас та бұзылған. Бұдан бөлек жиында тұрғынның бірі ауданның шенділерін жарамсыз деп танылған 5000 мыңға жуық плитаны талан-таражға салғанын әкімге хабардар етті. Осы және өзге де тұрғындар сауалына шенеуніктер не деп жауап бергенін agroqogam.kz материалынан оқи аласыз.

Бұл жиында Алакөл ауданының тұрғындар бірқатар мәселені сөз етті. Бірқатары жол, мектеп, су мәселелері болды. Әсіресе, сурмалы жерлер проблемасы өте өзекті, дейді олар.

«Ырғайты ауылдық округінен келіп отырмын халықтың сұрауы бойынша. Бізде су жеткіліксіз, сол үшін ағайын-туыспенен көп жаға жыртысуға тура келеді қазақша айтқанда», — деді ауыл тұрғыны.

Бастапқыда «мен білмеймін бұл мәселені. Жауап беруге дайын емеспін» деген облыс әкімі артынша бір ай бұрын суқойма салуға ұсыныс тасталғанын есіне түсірді.

«Қорғау кезінде көтерілген. 2000 мың гектар жерді айналымға қосамыз деп отырмыз, 5 млн текше метр су жиналатын суқойманың құрылысы мәсеелсін көтеріп отырмыз. Жаманты өзенінің бойынан. Экономикалық тұрғыдан негіздемесі бар деді. ТЭН жасалады», — деді аудан әкімі Алмас Әбдинов.

Шенеуніктер бұл мәселе қолға алынатынын. Алайда бір-екі жылдың ішінде шешілетін дүние емес екенін ескертті.

Жиында сөз алған тағы бір тұрғын Тентек өзенінің басындағы плотинаның тозығы жеткенін айтты. Айтуынша, каналдың түбі әбден тозған. Сол себепті бүгінде халық бөгеннен су ала амлай отыр.

«Сол негізгі су келетін оттоктың астынан жөндеу жұмыстары жүрген әуежайдың табанында тұрған 5000 плитаны ауданның әкім-қаралары тойбастар үлестіргендей бөлісіп алды. Сол плитаны апарып бөгеннің астына салса, халыққа бөгеннен су келетін еді. 5000 плита талан-таражға салынып кетті. Соны қайтарып, оттоктың астына салып берсе дұрыс болады», — деп тілегін білдірді ақсақал. Ал аудан әкімі ақсақалдың сөзіне жауап беріп, плиталар утилизация кеткенін, әскери эскадрильяға алаң салу үшін демонтажға берілгенін түсіндірді.

Аудандағы маңызды проблемаларға назар аударуды сұраған ақсақал ауданның бүгінгі ахуалы нашар екенін, халыққа ауылшаруашылық тұрғыдан көптеп көмек беруін сұрады. Мәселен, өңірде көкөніс өспейтінін, картоп Павлодардан, пияз Шеңгелдіден әкелінетіне наразы болды. Сондай-ақ өңірде әлеуметтік дүкендердің жоқтығын айты, сұрақты төтесінен қойды.

«Бүкіл Жетісу облысына неге азық-түлік корпорациясын тартпайсыздар, неге олар бізге төмен пайызбен несие бермейді?! Бізге Алакөлде су да бар, жер де бар. Бірақ бір де бір көкөніс егілмейді. Жегеніміз Шеңгелдінің пиязы, Павлодардың картобы, олар тоқтап қалса не болады?! Неге әлеуметтік дүкендер ашып қоймасқа?», — деді ол.

Мұны естіген Бейбіт Исабаев аудан әкіміне ауыл-ауылды аралап, азық-түлік бағасын қадағалауды тапсырды.

Айтолқын Адырбайқызы,

Жетісу облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.