Талғар ауданындағы саяжайларда орналасқан тұрғын үй тұрғындары облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу кезінде одан көмек сұрады. Айтуынша, саяжайға елдімекен статусы берілмегендіктен, бүгінде онда тұратын мыңдаған халық не су, не жарық, не жол жоқ жерде күнін көруде, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.
Алматы облысында шешілмеген түйткілдер көп. Оның тағы бір күрделісі – саяжайларды мекен еткен халық. Облыс әкімінің берген ақпаратына сай, бүгінде өңір бойынша 183 мың халық тұрады. Бұл рек ресми тіркеуде тұрғандардың есебі. Ал тіркеуге тұрмағандар саны қанша екенін әзірге белгісіз. Марат Сұлтанғазиевтің кездесуі кезінде аудан аумағындағы саяжайлардың тұрғындары мәселені төтесінен көтерді. Олар тез арада саяжайларға елдімекен статусын беруді талап етті.
«Талғар ауданының төңірегінде кем дегенде 2000-3000 тұрғын үй бар, заңға сай келмейтін, заңдастырылған саяжайлар бар. Саяжай кооперативтері бар. Оны жақсы білесіздер. Бірақ сіздің есебіңізде, аудан есебінде де осы саяжайлар туралы айтылмайды. Онда қанша халық бар. Біз шынын айтқанда тоқалдан туған бала секілдіміз. Су жоқ, свет жоқ, га төмен, жасыратыны жоқ Бесағаштың әкімі біздің тұрғындардан ешкімді танымайды. Бір адам бізді көрмеді, танымайды. Үлкен, ауқымды саяжайлар бұл. Осы ауданның ең жамман дүниесі саяжайларда қаңғып жүреді. Қараусыз ит те жүреді. Екі айдан бері аудан әкіміне кіру бізге мұң. Меккеге жаяу барсақ ендігі жететіндей уақт өтті. Қанша саяжайда қаңғырып қаншама халық тұрады. Бізге елдімекен дәрежесін беруді сұраймыз», — дейді ол.
Марат Сұлтанғазиев аталған мәселемен жақсы таныс екенін және алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.
«Бұл өте күрделі мәселе. Облыста 674 саяжай бар. Онда ресми тіркеуде 183 мың адам болса, тіркеуде жоқтардң саны екі есе көп. Бұл мәселе былтырдан бастап қолға алына бастады. Былтырдан бастап инвентаризацияны бастадық. Елдімекен статусына сай болса, біз оны елдімекенге қосу жұмыстарын қолға ала бастадық. Талғар ауданында 25 саяжайды елдімекендердің шекарасына қосамыз, кейін газ, су, жарық, мектеп салу деген жұмыстарды бастаймыз. Елдімекенге қосқанда талаптарға сай болуы керек, жолы, мектеп, детсад ауруханада бәрін жөндеу керек. Жұмысты бастадық. Бірақ кезең-кезеңімен. Бір күнде талаптарға сай болып кете алмайды. Жасаймыз. Жақын арада нәтижесін көресіздер», — деді Сұлтанғазиев.
Еске салсақ, аталған проблеманы былтыр желтоқсан айында Қарасай ауданының да тұрғындары көтерген. Өңірде ауылшаруашылық мақсаттағы жерді бөліп сату әдетке айналған. Мұның арты үкімет үшін қомақты шығын келтіріп отыр, саяжайлар проблемасын туындатып отыр.
Айтолқын Адырбай,
Алматы облысы
Аgroqogam.kz