Сарышағанда өлімге әкелетін мал дертінің анықталуына байланысты карантин енгізілді

«Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылының «Нұрислам» қыстауының аумағында ірі қара малдың эмфизематозды карбункул ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін», – делінген Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылы әкімінің шешімінде, деп хабарлайды ҚазТАГ

Эмфизематозды карбункул – Clostridium chauvoei бактериясы қоздыратын ірі қара малдың (ірі қараның) және буйволдың, ал сирек қой мен ешкінің жедел, жұқпалы емес ауруы. Ол малдың ақсақтығымен, крепитанттық ісінуімен және тез өлуімен сипатталады. Әдетте, жануарлардың өлімі алғашқы клиникалық белгілер пайда болғаннан кейін 12-60 сағат ішінде орын алады.

Бұған дейін де агенттік 2022 жылдың 15 қарашасында Қарағанды облысында эмфизематозды карбункул анықталғаны туралы хабарлаған.

Маржан Әбіш,

Астана

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.