Ауыл шаруашылығы министрлігі былтыр 4,5 млрд теңгені игермеген. Бұл туралы мәжіліс депутаты Павел Казанцев мәлім етті. Министр Ербол Қарашөкеевтің сөзіне сенер болсақ, қаражат шетелдік инвестормен келісімге келе алмағандықтан игерілмепті, деп хабарлайды Аgroqogam.kz тілшісі.
Павел Казанцевтің сөзінше, жоғарғы аудиторлық палатаның есебінде былтыр министрлік аталған қаражатты игермеген. Ол бұл жайттың орын алуына тиісті нормативті актілер қабылдамау әсер еткен айтуда.
«Біздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін субсидия жетпей жатқан қазіргідей жағдайда бұндайға мүлдем жол берілмеуі керек еді», — деген ол неліктен министлік уақытында тиісті нормативті актілерді қабылдамағанын сұрады.
Қарашөкеев бюджеттік қаражаттың расымен де былтыр игерілмеген мойындай келе, оның себебін түсіндіре кетті. Министрдің айтуынша бұл ақша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арригациялық жүйелерді сатып алуына жұмсалатын болған. Алайда шетелдік инвестормен арадағы келісімді жүзеге асыру барысында өзара түсініспеушіліктер туып, тараптар келісе алмаған, дейді ол.
«Былтыр және биыл біз әлі де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл көп уақытты алады. 4,5 млрд теңгеге келер болсақ, олар бюджетті нақтылау аясында ұсынылған болған. Ал нақтылаудың келесі кезеңі болмады. Сондықтан біз жыл соңына дейін екінші тараппен келісіп қалармыз деп үміттеніп едік. Процесс жалғасуда. Ал проценттік ставканы субсидиялау бойынша былтыр бұл үшін 7,8 млрд теңге бөлінген, биыл шамамен 8,3 млрд теңге бөлінді. Қаражат игеріліп жатыр. Былтыр игерілген қаражат 22,8 млрд теңге болса, биыл «Қолдау» жүйесі бойынша 27 млрд теңге игеріліп тастады. 18 пайызға өсім байқалады. Жұмыс жалғасып жатыр», — деп есеп берді министр.
Айтолқын Адырбай,
Agroqogam.kz.