Минералды тыңайтқыштар қойлар үшін неге қауіпті

Малдар да адамдар секілді көп жағдайда азықтан уланып қалып жатады. Әсіресе, түрлі химикаттар мен минералды тыңайтқыштар қосылған жемді малға беруде белгілі бір ережелерді ұстануы керек. Бұл ретте минералды тыңайтқыштардан уланудың қаупі туралы бүгінгі мақаламызда баяндамақпыз, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Минералды тыңайтқыштарға калий немесе натрий селитралары, аммоний сульфаты, суперфосфаттар, хлорлы калий және молибден, мыс, бор секілді шағын тыңайтқыштар жатады. Ал мұндай химикаттардан уланған мал аз уақыттың ішінде қатты ауырып, бірден тәбеті қашып, сілекейі ағып, құсады. Одан бөлек, малдың жүрісі баяулап, әлсіреп, аяққа тұра алмай қалады. Ең қиыны, олар тез арада өліп кетуі мүмкін.
Қолайсыз ауа райының, дұрыс сақталмаудың себебінен азық көп жағдайда зеңденіп, өзінен улы заттар бөлуі мүмкін. Зеңді микрофлора тірі өсімдіктерді де, қысқа сақталған азықты да жарамсыз етуге қауқарлы. Улы зеңдердің қатарынан өсімдіктердің вегетативті кезеңде көп зиян келтіретін татты және қаракүйе зеңдері болып екіге бөлінеді. Зеңдердің түріне қарай тыңайтқыштармен улану да бірнеше түрге бөлінеді.
Фузариотоксикоз – малдардың Фузариум зеңдерімен зақымдалған жеммен улануы. Бұл зеңдер қарабидай, бидай және өзге де өсімдіктерді олардың вегетативті кезеңдерінде және сақталуы кезінде зақымдауы мүмкін. Әсіресе, ылғалды және жаңбырлы ауа райы кезінде кеңінен таралған. Зақымдалған бидай дәндері ұсақ, жалтырамайды. Ал бетінде зеңдердің мицелийінің дақтары қалады. Мұндай азықты жеген малдың асқазан-ішек жолдары зақымданады, одан бөлек жүйке жүйесіне де әсер етеді. Олар қатты ызаланып, көздерінің көруі, жүрісі нашарлайды. Мұнымен қоса, малдар шөлдеп, құсып, іші өтеді.
Кей азықта өрмекшіні өрнегіне ұқсайтын зеңдер пайда болады. Олардың түсі де ақ, сұр, қара, жасыл және т.б.болады. Зең пайда болған жемнің түсі қоңырқай келеді. Кейде олардан жағымсыз иіс шығып, иленіп қалады. Кей зеңдер азыққа улы бөлшектерін бөледі (гликозид, алкалоид тектес заттар, афлатоксиндер бөледі және т.б.). Қазіргі таңда улы зеңдердің 300 түрі бар. Әдетте бұл зеңдермен уланудың белгілері де ұқсас келеді. Асқазан, ішек, жүйке жүйесі зақымдаоып, буаз малдар түсік тастайды. Кейде дене температурасы көтеріліп, кейде температура көтерілмейді. Шағын ағзалардың ішінде жемдерде ботулизм кең тарауы мүмкін. Спора түзетін топырақ анаэробы көп жағдайда қатты ластанған жемдерде пайда болуы мүмкін. Әсіресе ылғалды дәндері оларды қоздыруы мүмкін. Сабан мен шөп, силос та, кеміргіштердің өлексесі қалып қалған жемдерде пайда болуы мүмкін . Ботулизм уы әсіресе жүйке жүйесі үшін зиянды. Уланған малдың көзінің шарасы үлкейіп, тілі күрмеліп, төменгі жақ ашылмай қалады. Кейде олар кіші дәретті шығармай, демалысы күрт нашарлап кетеді. Ботулизмге шалдыққан малдың 90-95 пайызы өліп кетеді.
Ботулизмнің алдын алу үшін малға жақсы азық, жемін беріп, қадағалау керек. Олардың таза (жерде қалмауын, өлекселерден таза болуын, құс саңғырығының болмауын) болуына қадағалаған жөн.
Еске салсақ, бұған дейін біз малдардың, оның ішінде қойлардың азықтан улануының салдары туралы айтқан болатынбыз.
Сонымен бірге, дейін қой-ешкілерді жұқпалы инфекциялардан сақтау тәсілдеріне тоқталған болатынбыз. Сонымен бірге, жұқпалы емес дерттерге кеңінен тоқталған едік. Одан бөлек, қойыңыз ақсап қалса, ненің белгісі екенін де жазған едік. Қойлардың емделмейтін, арты өлімге әкелетін аурулары да көп. Ол туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Ал дұрыс азықтандырмау салдарынан орын алатын мал аурулары осы сілтемемен өтіп, біле аласыз.
Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».
Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы
Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.