Депутат: Қызылордадағы күріш өсірушілер суды үнемдеу үшін басқа дақылдарға көшуі керек

Қызылорда және Түркістан фермерлері 2023 жылы су тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Бұған себеп Шардара суқоймасына судың қажетті мөлшерде келмеуі. Бұл туралы депутат Болатбек Әлиев мәлім етті. Депутат суды тиімді пайдалану үшін Қызылорда өңіріндегі күріш өсірушілер өзге дақылдарды өсіруге бет бұруы қажет деп есептейді, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.

Аталған мәселені ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

«Ұлттық экономика, АШМ және экология министрлігінде су тапшылығы жағдайында қалай әрекет ету керектігі туралы сараптама жоқ, тиісінше дұрыс стратегия да, басты басымдықтар да жоқ…(…).

Мемлекеттік органдардың деректері бойынша 2023 жылдың сәуірінен 16 маусымға дейін 1,91 млрд м3 су Шардара суқоймасына келіп түсуі керек еді, алайда іс жүзінде 1,038 млрд м3 немесе аталған көрсеткіштің 54 пайызына тең су түскен. Яғни суқоймаға құйылатын су көлемі болжанған мөлшерден аз», — дейді ол.

Әлиев мәселені шешудің бір жолы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің суды үнемдеуі екенін еске салды. Бұл ретте олардың көбі суды рациналды емес қолдануы өзне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне айтарлықтай зиянын тигізіп отырғанын айтты депутат. Дәлірек айтқанда, Әлиев 90 пайызы Қызылорда облысында орналасқан күріш өндірушілері суды дұрыс пайдаланбайды деп наразылық білдірді.

«Жағдайды сандар арқылы қарастырайық және көрші жатқан Түркістан облысын алайық. Олар да Арал-Сырдария бассейніне жатады: екі облыс жылына 3 млрд м3 су пайдаланады: Түркістан – 3,6 млрд м3, Қызылорда  3,4 млрд м3. Бірақ екі облыста да суды тұтыну шамамен бірдей болғанымен, бұл сумен Түркістан екі есеге көп аумақты суғарады (Түркістан – 402, 940 гектар, Қызылорда – 188,630 гектар)», — дейді ол.

Депутат аталған жайттың экономикалық ахуалға әсері зор деп отыр. Себебі Түркістан суды тиімді пайдалану жөнінен Қызылордаға қарағанда 5,6 есеге озып тұр. Яғни, судың 1 м3 түркістандықтарға 193 теңге алып келсе, қызылордалықтарға тек 34 теңге ғана әкеледі екен. Осы тұрғыда Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылық тауар өндірушілері күріш өсіруге жылына 1 гектарына 25 мың м3 су жұмсайды екен. 

Ал экономикалық тұрғыда Түркістан облысының аграрийлері Қызылорда шаруаларына қарағанда аз су жұмсап көп пайда табатын болып отыр.

Депутат аталған жайтты ескере отырып, фермерлерді суды көп қажет етпейтін дақылдар өндіруге көшу туралы ойлануға шақырып, үкіметке ылғал сақтау технологияларына көшуге экономикалық тұғыдан фермерлерді ынталандыру құралдарын қайта қарауды ұсынды. Одан бөлек, күріш өсіруден бас  тартып, күріштің ылғалды аз қажет ететін түрлеріне көшуді қарастыруды және күріш өсірушілер өзге дақылдарға көшкен жағдайда оларға қолдау көрсету бағдарламасын жасап шығаруға ұсыныс тастады.

Айтолқын Адырбай,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.