Бұрынғы ғылыми қызметкер: Алматы облысында қойлар алаланып кетті

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында орналасқан тоқсан жылдық тарихы бар қой шаруашылығы институтын қайта жандандыру қажет. Дәл осы мәселені облыс басшысымен кездесу кезінде 83 жастағы ғылыми қызметкер көтерді. Айтуынша, бүгінде селекциялық жұмыстардың бақылаусыз жүріп жатқанының салдарынан өңірдегі қой тұқымы алаланып кеткен, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.

«Қазақ мал шаруашылығы мен жем өндірісі ҒЗИ» ЖШС-ның К.У. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ҒЗИ» филиалы Мыңбаев ауылында бірнеше онжылдық бойы нәтижелі жұмыс істеген. Ал қазіргі таңда институт филиалы тоқтап тұр. Аталған мәселені ауыл ақсақалы көтеріп, облыс басшысының алдына сұрақты төтесінен қойды.

«Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар. Құрылғанына 90 жыл болған қазақтың қой шаруашылығы инситуты неге істемей тұр? Селекциялық сұрыптау жұмысына ақша бөлінді деп жатырсыздар. Оның бәрін кім жүргізеді.  Әлде әр аудан өзіне-өзі қожайын болып жұмыс істеп тұр ма? Мен сексеннің үшеуіндегі ғылыми қызметкермін. Кеңес үкіметінде екі-ақ институт орден алған еңбегі үшін. «Еңбек қызыл ту» орденін Бараев институты мен осы Қазақтың қой шаруашылығы институты алған. Үш жылдан бері бұл институт жұмыс істемейді, адам жоқ. Қазір алмағайып заман, аяққа жаңа-жаңа тұрып келе жатырмыз. Сонда да, институттың тағдыры не болады? Селекция деген үлкен нәрсе. Сондықтан бұл жұмыстар институтпен келісіліп істеліп жатқан нәрсе ме?», – дейді ол.

Ақсақалдың айтуынша, өңірдегі селекциялық жұмыстар ортақ бір нәтиже мен мүдде үшін жұмыс істеуі керек. Сонда ғана селекциялық жұмыстардың нәтижесі болады.

«Алматы облысында қойлардың 90 проценті меринос тұқымы болған, селекциялық жұмыстың жүрмеуіне, бақылаусыз кетуіне байланысты алаланып кетті. Осы институттың аяқтан тұрып кетуіне, гүлденуіне, дамуына қандай үлес қосасыздар», – деп уәжін жеткізді ол.

Облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев аталған проблеманы айту орынды екенін жеткізді. Сөзінше, былтыр аудан аграрлық университетпен бірлесе отырып, осы жұмыстарды қолға алмақ болған. Реті келмеді, дейді шенеунік.

«Аграрлық университетпен жұмыс істеп жатырмыз, қой институты соларға қарайды. Алдында толық бір факультетті осында ауыстыру бойынша келісімге келіп жатыр едік. Енді жаңа ректор келді. Сол кісімен жұмыс жасайық. Бізге, осы ауылға 75 студент бөліп берді олар. Қазір қарым-қатынас құрып, олар осы жерде толық шаруашылықтарда жұмыс істеп жатыр. Бұл сұрақпен белсенді түрде жұмыс істемесе болмайды. Күні кеше ғана осы Жамбыл ауданынан бұрын болмаған қой ауруы шықты. Сондықтан институтпен, ветқызметпен бірлесіп, былтыр бастаған жұмысты аяқтауымыз керек. Бүгінгі протоколға енгізілетін болады», – деді ол.

Айта кету керек, Жамбыл ауданы мал шаруашылығының барлық түрі бойынша облыста жетекші орынға ие аудан. Ал аталған Мыңбаев ауылындағы қой шаруашылығы институты филиалының мамандары осы уақытқа дейін қойдың Учеными института создано 12 пород овец: казахская тонкорунная, южноказахский меринос, североказахский меринос, етті меринос, ка тұқымын шығарған. Оның ішінде қазақ мериносы, құйрықты дегерес қойы, етті-сүтті ақжайық қойы және т.б.

Айтолқын Адырбай,

Алматы облысы,

Agroqogam.kz.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.