Азық-түлік корпорациясы күрішті форвардты сатып алу бойынша пилоттық жобаны іске қосты

«Азықтүлік корпорациясы» ҰК» АҚ Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе отырып, 2023 жылы өңірде күрішті форвардты сатып алу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды көздеп отыр. Сатып алу «Байқоңыр» ӘКК немесе ЕДБ кепілдігі арқылы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

«Пилоттық жобаның негізгі мақсаты күріш өсіретін АШТӨ-ні қолдау болып саналады. Бұл шаруаларға шала күрішін өсіру үшін көктемгі егу жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта аталған өнімді күріш жармасына өңдеуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, аталған жоба күріш жармасы бағасын тұрақтандыруға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Нақтылай айтсақ, күрішті форварды сатып алу бойынша келісімшарт жасау кезінде қаржыландыру сомасын есептеу АШӨ 1 тоннасына егістік аумағының 1,5 гектары арақатынасы негізінде жүзеге асырылмақ.

Аграрийлер арасында қаражатты әділ түрде үлестіру үшін барлық өтінімді Қызылорда әкімдігіне қарасты Үйлестіру кеңесі бекітетін болады.

2023 жылы Қазақстанда күріш егістіктерінің аумағын былтырғы жылмен салыстырғанда 7,6 мың гектарға арттыру көзделіп отыр.

Варвара Седых,

Астана

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.