Атырау облысы өрт сөндірушілерінің техникамен жабдықталу деңгейі 25 пайызға да жетпейді

freepik.com

Аталмыш техникалармен ең нашар жабдықталған өңірлер: Атырау, Қызылорда облыстары, БҚО және ШҚО.

Қазақстан өңірлерінде жұмыс істейтін орман мекемелерінің өрт сөндіру техникасы және жабдықтарымен жарақтандырылу деңгейі орташа есеппен 66,3 пайызға тең. Бұл туралы “Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарының” жаңа мазмұнынан белгілі болды. 
Құжатта жазылғандай, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде аталмыш мекемелердегі техникалар мен жабдықтардың саны 6143-ті құраса, олардың 45 пайызының пайдалану мерзімі өтіп кеткен. 

“Орман өрттерімен күрес кезінде өрт сөндіру автомобильдері мен жабдықтарының жеткіліксіз саны байқалады, қолда бар 6186 өрт сөндіру автомобильдерінің 4714 бірлігі (45%), 6189 бірлік өртке қарсы, ағаш отырғызатын тіркеме және аспалы жабдықтың 4725 бірлігі (75%) есептен шығарылуға жатады”, – делінген құжат жобасында.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

Әсіресе, Қазақстанның төрт облысында өрт сөндіру техникаларымен ең нашар жабдықталған төрт өңір бар. Олар:

Атырау облысы – 24%:
Қызылорда облысы – 33%; 
Батыс Қазақстан облысы – 47%;
Шығыс Қазақстан облысы – 64%.

“Тиесілілік нормаларына сәйкес 4695 бірлік шағын орман өртін сөндіру кешені қажет, қолда 6143 бірлік бар, оның ішінде 2763 бірлік немесе 45 % өзінің пайдалану мерзімін өтеген, қолда бар 957 бірліктен 334 (35%) патрульдік машина, 6221 трактордан 2801 (45%) есептен шығарылуға жатады”, – делінген құжат жобасында.

Источник: informburo.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.