Алматы облысының бір ғана ауданына 212 мың гектар жайылымдық жер керек

Алматы облысы Жамбыл ауданында жеке аулаларда мал ұстау нормаларын бекіту қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі кезінде белгілі болды. Жергілікті шенеуніктер бүгінгі таңда аймақтағы малды жайылыммен қамтамасыз ету үшін екі жүз мың гектарға жуық жер қажет дейді, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.

Кездесуде аудандағы ауыл шаруашылығының ахуалы талқыланды. Облыста мал басы бойынша бірінші орында тұрған ауданда бүгінде проблемалық мәселелер жоқ емес. Соның негізгісі – мұндағы жалғыз ет өңдеу кәсіпорнының толыққанды жұмыс істемей тұрғаны. Биыл ауданда былтырғы жылмен салыстырғанда ет өндіру 3 пайызға, сүт өндіру 6,5 пайызға азайып кеткені.

«Жамбыл ауданында 2022 жылы 1282 шаруа қожалығы жалпы сомасы 3,8 млрд теңге болатын қаражатты қолдау ретінде алған. Ауданда сыйымдылығы 1,5 мың болатын екі көкөніс қоймасы бар. Ол жеткіліксіз, жиналған өнімнің 2,5 пайызын ғана сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Пайдаланылмай жатқан 195 мың гектар жер анықталды, оның 25 мың гектардан астамы, 13 пайызы қайтарылды. Аудандағы жалғыз ет өндіру кәсіпорны жобалық қуатына сай толық жұмыс істеп жатқан жоқ. Ет өңдеу комбинатының толыққанды жұмыс істеуі үшін облыстың ӘАК-мен бірлесе отырып, шаруашылықтарды тарту керек», – деді Сұлтанғазиев.

Сонымен бірге облыс әкімі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтаруды және жерді ұтымды пайдалану жұмысын жандандыру тапсырды. Бұл ретте Нұрлан Ертас жеке аулаларда мал ұстау нормаларын бекіту қажеттігін жеткізді.

«Аудандағы тағы бір үлкен проблема – өрістің тарлығы, ортақ жайылымдардың аздығы. Ортақ жайылымға 212 мың гектар жер қажет жайылымға. Жайлау мен қыстауда пайдаланылмай жатқан 39,69 жер учаскелері қайтарылып, 54 елдімекенге қайтарылды, 49 мың гектер жер айналымға енгізілді. Пайдаланылмай жатқан  жер көлемі 55,600 гектарды құрап отыр. Олар 74 шаруа қожалығына тиесілі. Сондай-ақ, жеке аулаларды мал ұстау нормалары бекіту қажеттілігі туындап отыр», – деді Марат Сұлтанғазиев алдында баяндама жасаған аудан әкімі. 

Айтолқын Адырбай,

Алматы облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.