Алматы облысында малшы қар барысын тауып алды

Алматы облысында қар жауып жүрген тұрғын әбден әлсіреп қалған қар барысын тауып алды. Қызыл кітапқа енген жануар бірден Алматы қаласындағы хайуанаттар бағына жеткізілді, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.

Орман және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, барысты Сарыбастау тұрғыны тауып алған.

«19 сәуір күні Алматы облысы Райымбек аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Хабарламада тұрғын мал жайып жүріп әлсіреген қар барысын (артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылған) кезіктіргенін айтқан. Оқиға орнына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Нарынқол орман шаруашылығы, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкерлері, табиғат қорғау полициясы барып, акт толтырған. 20 сәуір күні Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілген», — делінген хабарламада.

Айтолқын Адырбай,

Алматы облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.