Алматы облысында көкпаршылар көлікке соқтығысты

Алматы облысы Мерей ауылында бір топ көкпаршылардың видеосы желіде тарап кетті. Видеодан олар көлік жүретін жолға шығып кетіп, көліктердің арасында көкпар тартқанын көруге болады. Нәтижесінде, тұрақта тұрған автокөлікке соқтығысқан, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлім етті.

Оның айтуынша, 19 желтоқсан күні «Көкпарға» қатысқан ойыншылардың бірі тұрақта тұрған «Форд» маркалы автокөлігіне соғылған. Алайда ол оқиға орнынан ізін суытыпты.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Мерей ауылында бір топ көкпаршы «Форд» көлігіне соғылған. Жол апатын жасаған атты адам оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерек Қарасай ауданы полиция басқармасының ақпаратты тіркеу кітабында тіркелген. Артынша аудандық бөлімше қызметкерлері спорттық ойын қатысушысы — 35 жастағы ұйымдастырушысын анықтаған», — делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам көкпар Көлді ауылының маңындағы алаңда ұлының туған күніне орай ұйымдастырылғанын жеткізген. Сонымен бірге қалғаш алты қатысушының есіме де анықталып, ӘҚБ 434-бабы, 1- тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айтолқын Кузербаева,

Алматы облысы,

Agroqogam.kz.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.