Алматы облысы: Ауылдық округ әкімдік аппараттарына 150 мың гектарға жуық жер бекітілді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында ауылдық округтерге жайылымдық мақсаттағы 150 мың гектарға жуық жер бекітілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады agroqogam.kz тілшісі.

Әкімдіктің берген мәліметіне сәйкес, 12 субъект жалға алып, тиісінше пайдаланбаған 5 мыңнан астам жайылымдық жерлер бойынша сот органдарына арыз жолданған.

«Аудан тұрғындарының малын жаю мұқтажын қанағаттандыру мақсатында ауылдық округі әкімдері аппараттарына жалпы көлемі 148,3 мың га жайылым жерлер бекітілді, о.і. 2023 жылдың басынан бастап 477,8 га (16-20 қантар аралығында Қаражота ауылдық округіне-150,0 га) бекітілді.

2023 жылдың қантар айының 01-20 күндері аралығында пайдаланылмай жатқан жайылым жерлер бойынша сот органдарына 12 субъект жөнінде (5,3 мың гектар) жалға беру туралы келісім шарттарды бұзу туралы талап арыздар жолданды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Оған қоса, пайдаланылмай жатқан жайылым жерлер бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес мониторинг жүргізіліп, Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 120 субъект (жалпы көлемі 54793,9 гектар, о.і. жеке меншік құқығындағы 24 субъект-16,9 мың гектар және уақытша пайдалану құқығындағы 96 субъект-37,9 мың гектар) жөнінде тиісті материалдар жолданды.

«Қазіргі уақытта уәкілетті органы тарапынан жоспардан тыс тексерістерді жүргізуге облыс прокуратурадан рұқсат алу іс шаралар жүргізілуде», – деп хабарлады әкімдік.

Айтолқын Адырбай,

Алматы облысы,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.