Абай облысындағы орман өртінің түтіні Жетісуға жетті

Фото: КазТАГ

Абай облысындағы алапат өрттің түтіні желмен көршілес жатқан Жетісуға жетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті. Ал тұрғындар болса, Ақсу, Алакөл, Сарқан, тіпті Талдықорғанды түтін басуда деп дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.

Бүгін таңертең Жетісу облысы әкімдігі тұрғындар мен өңір қонақтарына ескерту жасады. Әкімдік таратқан ақпаратқа сай, жел бағытының өзгеруі салдарынан бірнеше ауданды түтін басқан.

«Абай облысындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше ауданының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болып, маска киюді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі», — делінген хабарламада.

Редакцияға белгілі болғандай, қою түтінді Алакөл ауданы, Сарқан, Ақсу аудандарының тұрғындары сезініп жатыр.

«Таңертең, түнімен түтін басты. Тау көрінбейді. Тіпті күн көрінбейді.  Қып-қызыл боп тұр. Түтін басты ауылды. Жел біз жаққа соғып тұр дейді», — деп хабарлады Ақсу ауданының тұрғындары.

Еске салсақ, 8 ақпан күні Абай облысындағы орман өрті бүгінгі күні 60 мың гектарға дейін ұлғайып, алапат өрттен 14 адам қайтыс болды. Осыған байланысты бүгін Жалпыұлттық аза тұту деп белгіленді.

Айтолқын Адырбай,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.