Қызылорда облысының агроөнеркәсіп саласына биылғы жылға республикалық бюджеттен 2,08 млрд теңге қаражат бөлінді.
Субсидия АӨК саласындағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи жаңа ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алу үшін беріледі.
Сонымен бірге ылғал сақтағыш технологияны өндіріске кеңінен енгізу және импортқа тәуелділікті төмендету үшін интенсивті алма, жеміс-жидек бақтарының, басқа да өнімдерді кеңінен өндірумен айналысатын шаруаларға берілмек. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды болып отыр.
2021 жылға бөлінген 2 080 236 000 теңге сомасындағы субсидия Qoldau.kz порталында төмендегі паспорттар бойынша бағытталады:
- № 1 паспорт «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алуға» — 1 752 818 500 теңге;
- № 4 паспорт «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етуге (құдықтар, ұңғымалар)» — 204 000 000 теңге;
- № 6 паспорт «Сүтті бағыттағы ірі қара мал/ешкі өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейтуге» -13 817 500 теңге;
- № 11 паспорт «Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейтуге» — 34 800 000 теңге;
- № 13 паспорт «5 гектардан басталатын қарқынды алма бағын отырғызуға» — 74 800 000 теңге.
Ауыл шаруашылығы субъектілері субсидия алу үшін өз өтінімдерін 2021 жылдың 19 наурызы күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап Qoldau.kz порталына қалдыра алады.