Тоқаев: «Біздің әскер жоғары технологиялық қарумен және әскери техникамен қарулануы керек»

Фото: kp.kz

Астана. 1 қыркүйек. /Айтолқын Адырбай/ QOGAM-MEDIA.KZ – Қазақстан техниканы жедел жөндеу, отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді қолға алып, өндірістік қуаттылықты арттыруы қажет. Бұл туралы бүгін ел президенті Қазақстан халқына жолдауында айтты.

«Тағы бір мәселе – қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді барынша дамыту. Бұл сала дамыған елдерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Импорттық жеткізуге тәуелсіздікті азайтуға мүмкіндік беретін жетгілікті өнеркәсіп айналымын жасақтау маңызды міндет.

Біздің әскер жоғары технологиялық қару мен әскери техникамен, оның ішінде бронетехникамен, пилотсыз ұшатын аппараттармен, заманауи атқыш қарулармен қамтамасыз етілуі керек. Техниканы шұғыл жөндеу жөніндегі өндірістік қуаттылықтарды арттыру қажет, отандық кәсіпорындарға қолдауды күшейту керек», — деді Тоқаев.

Оның сөзінше, «тиісті материалдық-техникалық база, білікті кадрлар бізде бар».

«Оларға тиісті ведомстволардан тапсырыстар беру керек. Заманауи технологиялар трансферттеу жөніндегі жұмысты жалғастырып,  жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Отандық кәсіпорындарды қаржылай қолдаудың тікелей механизмі – Қорғаныс –өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры болмақ», — деді ол.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.