5 шілде. /Айтолқын Адырбай/ QOGAM-MEDIA.KZ – Алматы облысында автожол бөлшегін лайлы сел шайып кетті. Табиғи құбылысқа қатты жаңбыр мен бұршақтың жаууы себеп болған. Салдарынан Кеген ауылындағы ауылдық маңызы бар жол бұзылған, деп хабарлайды qogam-media.kz.
Облыстық ТЖД ақпараты бойынша аталған жайт Алматы облысы Саты ауылының таулы аймағында 6 шілде күні тіркелген.
«300 метрге дейінгі жол бөлігін лайлы су шайып кеткен. Оқиға орнына ескерту белгілері қойылып, тұрғындарға sms-хабарландырулар жіберілуде. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ», — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Ал су шайып кеткен автожолды қалпына келтіру жұмыстары комиссияның тексеруінен соң қолға алынбақ.
«Бұл ауылдық маңызы бар жол. Жақын маңда, яғни бұзылған жол бөлігінен жоғары ауылдар жоқ. Артынша оны қалпына келтіретін мердігер анықталады», — деді ведомство өкілдері.