Жетісуда мақсатқа сай пайдаланылмаған 1,7 млн га жер анықталған

Фото из открытых источников

Жетісуда 2022 жылғы әуе-ғарыштық түгендеу нәтижесінде мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан 1 млн 770 мың гектар анықталған. Бүгінгі күні 229 мың гектар жер үкімет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облысы әкімі Бейбіт Исабаев хабарлады, деп жазады Аgroqogam.kz.

Облыс басшысының берген ақпаратына сай, мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан немесе мүлдем пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару мәселесі бойынша жасалған жұмыстар нәтижесінде жайылымдық жерлердің 327 мың гектары айналымға енген. 401 мың гектар жер бойынша олардың иелеріне заң бойынша ескерту жасалған.

«Күзде ескерту мерзімі бітеді. Нәтижесін көреміз. Бір жылдың ішінде бұл кемшіліктер жойылмайтын болса, онда ол жерлерді үкіметтің иелігіне қайтаратын боламыз. Бүгінде 128 мың гектар жер қайтарылды, биыл тағы 220 мың гектарды қайтару жоспарда бар. Бүгінгі күнге 2023 жылы 101 мың гектар қайтаралып отыр. 300 мың гектар жер айналымға енгізілді. Малы бар, пайдаланылып жатыр», — деді ол.

Өңір басшысы әр ауданда жерді басқарудың жоспарын жасау туралы тапсырма берілгенін, жер комиссияларының құрамын ашық түрде қайта құру тапсырылғанынан хабардар етті.

«Осының бәрін цифрлық порталға енгізу керек. Қай жерде қанша жер бос жатқанын, кімнің иелегінде, кім қалай қолданып жатыр бәрін ашық біліп отыруымыз керек. Сонда қоағам тарапынан сұрақ қоймайды», — деді ол.

Еске салсақ, биыл 8 маусымда Алматы облысының екіге бөлініп, Жетісу облысы бөлек өңір болып құрылды. Бүгінде Жетісу облысына өңірдегі 8 аудан 2 қала кіреді.

Айтолқын Адырбай,

Жетісу облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.