Алматы облысындағы ауыл маңы экологиялық апатты аймаққа айналды

Алматы облысы Қарасай ауданында шаруа қожалықтарының жері 2008 жылдан бері қоқыс алаңына айналған. Бүгінгі таңда Көксай ауылының халқы тұрмыстық қатты қалдықтардан бөлінетін зиянды заттардан зардап шегуде, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.

Аталған мәселе Алматы облысы экология департаментінің қатысуымен Қарасай ауданында өткен жиында тақыланды. 15 жылдан бері шешілмей келе жатқан қалдықтар проблемасы салдарынан бүгінде аймақ экологиялық апатты деп танылды.

Ауыл маңындағы шаруа қожалықтарының жер телімдерінде заңсыз түрде пайда болған тұрмысты қатты және құрылыс қалдықтары орнының атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты су ресурстарына, жер қыртысына, топыраққа, адам өмірі мен денсаулығына тигізіп жатқан кері әсері өте көп деп тапқан жиында.

«Қазіргі таңда қоқыс орнында қоқыстардың жанып, бықсып атмосфералық ауаға жағымсыз сасық иістердің, ауыр металдардың таралуы, ит-құстардың жайылымына айналып неше түрлі ауру – сырқаудың таралуына жол беріп, экологиялық апатты аймаққа айналуына келіп соқты. Шұғыл кездесу Қарасай ауданы әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Нәтижесінде Хаттама қабылданып, нақтылы жұмыстар, іс-шаралар жүргізілетін болады»,  – деп мәлім етті облыстық экология департаментінен.

Айтолқын Адырбай,

Алматы облысы,

Agroqogam.kz.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.