Алакөлдегі балық зауыты енді балалар тағамын өндірмек

Алакөлдегі балық зауыты балаларға арналған балықтан жасалған тағамдар өндіруді қолға алды, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.

«Болашақ Бастау» ЖШС Алакөл балық өңдеу зауытының технологы Никита Кашкаревтың айтуынша, зауытта балаларға 8 айлығынан бастап беруге болатын тағамның 2 түрі жасалуда. Маман мұндай өнім шығару зауыт қызметкерлерінің идеясы және толық рецептурасын де өздері толық жасап шығарған. Зауыт бұл идеяны іске асыру үшін арнайы құрал-жабдықтың барлығын өз қаражатына сатып алыпты.

Жаңа құрал-жабдық тартылған балықеті мен балық филесін, ақтабан мен алабұға паштеттері, күріш немесе картоп қосылған балық-өсімдік дәрумен кешендері, уылдырық майы, балық шұжықтарын шығаруға мүміндік беріп отыр.

Атап өтсек, Алакөл ауданында қуаттылығы жылына 1400 тонна шикізат өңдейтін «Болашақ Бастау» ЖШС-ны қосқанда барлығы 7 балық шаруашылығы, 2 балық өңдеу кәсіпорны және 2 цех тіркелген. Бұл ретте балық өңдеу кәсіпорны өңдеу қуатын арттыруға дайын, бірақ бұл балық аулау лимитін ұлғайту мәселесіне байланысты.  Балық зауыты тәулігіне шикізатқа байланысты 5-тен 10 тоннаға дейін балық өнімін, сондай-ақ 3 тоннаға дейін балық сүйегінің ұнын өндіре алады. Мысалы, көксеркенің, тұқы мен басқа да балық түрлерінің сүбесі, сондай-ақ тартылған балық және кептірілген өнімдер шығарылады.

Айтолқын Адырбай,

Жетісу облысы,

Agroqogam.kz.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.