Отандық зоотехника ғылымында Қазақстанның солтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында (Абай облысы) алғаш рет қазақы жылқының жаңа түрі пайда болды. Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістік туралы өтініш Ауылшаруашылық министрлігі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңның талаптарына сай келген. Осылайша, еліміздегі жетекші ғалымдар қанша жыл тер төккен бұл жетістікке патент алынды, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.
Аталған жетістік «Мукинов» шаруа қожалығы базасында жүргізілген бірнеше жылдық еңбектің нәтижесі. Шаруа қожалығының негізін қалаушысы Мукинов Хабидолланың сөзінше, ол шығыс өңіріне тән қазақы жылқының жаңа тұқымын шығаруды жылдар бойы армандаған. Бұл арманын жүзеге асыру үшін ол отандық жетекші ғалымдармен қоян-қолтық жұмыс жасағанын айтады.
«Ерназар ауылының тумасы 1993 жылдан бері айналысуда. Тарихқа қарап отырсақ, жылқы Қазақстанда үйретілген дейді, бірақ түркмендерде ахалтеке бар, арабтарда таза қанды араб тұлпары бар, ағылшындарда да таза қанды ағылшын тұқымды жылқысы бар. Сондықтан да осы мәселені қолға алдық. Қазақы жылқының сапасын көтеруді мақсат еттік», — деп пікір білдірді қожалық басшысы.
Жаңа жылқы түріне «Бесқарағай» деген атау берілді. Қазақ жылқы тұқымының Шойынқара 71-81 зауыттық ізі. Бұл жылқының ерекшелігі жайылымда жүргенде айғырлары 700 келіге дейін, биелері 600 келі тартады. Бойының биіктігі 155 см, кеуде орамы 185 см. Ал бордақыға қойғанда тіптен бір тоннаға дейін тартуы мүмкін, дейді жылқытанушы мамандар. Еліміздегі басқа жылқыларға қарағанда өнімділігі 25 пайызға артық. Бұл дегеніңіз, аталған жылқы түрін етті бағытта дамытуға мүмкіндік зор деген сөз.
Айта кету керек, бұл селекциялық жаңалық өндіріс, ғылым және білім 1997-2022 жылдардағы интеграцияланған күш жұмылдыруының нәтижесі. Оған «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» ҰАҚ, «Ғылыми-өндірістік мал шаруашылығы және ветеринария орталығы», Shakarim University ғалымдары — Исхан Қайрат Жәлелұлы, Әкімбеков Амин, Мукинов Хабидулла Кабдулович, Мукинов Ерганат Хабидуллаұлы, Сейлгазина Сауле Мункановна, Ахметова Балнур Сериковна және т.б.
Жаңа жылқы тұқымының атасы Шойынқара айғыры болып саналады. Ол қазақы жабы типті жылқылар арасында салмағының ірілігімен (485 кг) және денесінің ірілігімен айрықшаланған. Аиалған жылқы тұқымы еліміздің климатында өсіруге өте бейімді және дала жағдайында өсіруге қолайлы. Басы ірі, тіс жүйесі және жақ сүйегі өте ықты, шайнау қабілеті жоғары ссипатқа ие. Осының арқасында ол ірі шөптесіндермен жақсы қоректенетін. Мойны жуан, етті, қысқа, жалы үлкен. Денесі ұзын, ауқымды. Бұл оның асқорыту жүйесі де жасұныққа бай өсімдіктерді жақсы қорытуға бейім келетінін дәлелдейді. Шойынқара биелері өте өнімді келеді. 100 саулықтан 85-90 құлын алуға болады. Тәулігіне 14,88 литр сүт береді. Сонымен бірге олар жылдың төрт маусымында да өте күйлі болып келеді.
Айтолқын Адырбайқызы,
Agroqogam.kz.