Адам ағзасы секілді малдар да түрлі факторлар салдарынан уланып қалуы мүмкін. Бұл ретте, әсіресе азықтан уланудң алдын алу өте маңызды. Себебі мұның арты ауыр салдарларға алып келуі қауіп өте зор. Бүгінгі материалымызда улану тақырыбына кеңінен тоқталмақпыз, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Құрамында механикалық қоспалары бар, улы заттары, пестицидтер, улы саңырауқұлақтар, микроағзалар бар азық берген кезде қойларда жұқалы емес аурулар туындауы мүмкін.
Уланудың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Оның ішінде кей жағдайларда малға беруге болатын азықтардың өзінде дұрыс сақтамау себебінен улы заттар түзіледі. Мәселен, зығыр күнжарасы, ақ жүгері, судан шөбі, қара тары, көлтабан шөбі, сиыржоңышқа мен жоңышқа құрамында (жабайы) цианогенді гликозид бар. Олар суда көп тұрған кезді бығып, синильді қышқылмен бірге гидролизденеді. Еркін синиль қышқылы бұл өсімдіктердің қурау, суда тұру, бығу кезінде түзіледі. Сол себепті кейде зығыр күнжарасын жылу сумен берген кезде ұсақ мал уланып қалуы әбден мүмкін. Уланып қалған малдың белгілеріне тоқталар болсақ, олар әлсіреп, азықтан бас тартады. Жүрісі өзгері, сирақтары тартыла бастайды. Одан бөлек, дем алысы нашарлап, жүрек соғысы да әлсірей түседі.
Мақта күнжарасы мен жай күнжараның құрамында көп жағдайда гликозид, госсипол болады. Еркін госсипол улы әсерге ие. Мұндай құрам сығу тәсілі арқылы алынған күнжараларда болады. Қазіргі таңда егер күнжарадағы еркін госсиполдың мөлшері 0,01 пайыз-дан аспаса, онда оны малға беру қауіпсіз деп саналады.
Әдетте күнжараны ұзақ уақыт бойы малға бере берсе (10-30 күннен көп) улану орын алады. Ал мал ағзасынан госсипол өте баяу шыққандықтан, ол жиналып-жиналып, ағзаның улануына әкеледі. Күрт улану кезінде малдардың тәбеті жоғалып, ішіне шаншу қадалады, тимпания мен іш қату орын алады. Сонымен бірге іші өтіп, пульсі минутаны 100-ге дейін жетеді. Одан бөлек, уланудың арты сары ауруға ұласып, мойын және кеуде тұсы ісініп, жүйке-бұлшықеттері аппараты бұзылады. Ал ауыр жағдайларда мал 2-3 күннен соң өледі. Ал созылмалы уланулар кезінде ұзақ уақытқа созылатын іш өтулер болады. Мал азып кетеді. Тамырлы өсімдіктердің жапырағы, картоп қабығында және әсіресе оның өсімшелерінде гликозид-алкалоид соланин көп болады. Картоптың жасыл жапырақтарында да гүлдегенге дейін аталған зат көп болады (0,855-0,144 пайыз).
Қант қызылшасында да жеңіл қорытылатын көмірсулар өте көп (қанттың көлемі 20 пайызға дейін). Бұл сиыр, ешкі, мал секілді малдардың микрофлорасының дұрыс жасауы үшін маңызды. Қант қызылшасын малға азық ретінде беру органикалық қышқылдардың тиімділігін арттырып, ацидоздың алдын алады. Қант қызылшасын аз беріп отыру арқылы малдың өнімділігін арттыруға болады. Алайда оны көп мөлшерде беру зиян. Себебі мал уланып қалуы әбден мүмкін. Қойлар қатты шөлдеп, тәбеті қашады, іш өту, тыныс алу және жүрек жұмысының бұзылуы орын алып, сирақтары тартылады. Қант қызышасын көп қолданған жағдайда азқазақнда ашу орын алады. Сондай-ақ сүт қышқылы артық мөлшерде жиналып, қанға өтеді. Бұның арты уланудың ауыр түріне әкеп соқтыруы мүмкін. Протеиннің тапшылығын болдырмас үшін шаруалар көп жағдайда карбамидті қолданады (синтетикалық несепнәр). Ішке барғанда ол аммика және көмірқышқыл газына ыдырайды. Түзілген аммика кейбір құнды заттармен бірігіп, олардан ақуыз синтезтеледі. Несепнәр егер бірқатар ережелер сақталса, зиянсыз болып саналады. Оны малдарға протеиннің жетіспеушілігі кезінде ғана береді. Ал оны берген кезде жеммен мұқият араластыры қана берген дұрыс. Құрғақ жемде оның тек 4 пайызы ғана болғаны жөн. Ал бұдан асып кетсе, мал несепнәрден уланып қалуы мүмкін. Аммика шектен тыс бөлініп, ол қанға сіңіп кетеді. Малдың уланғанын несепнәр жегеннен соң 40-60 минуттан кейін білуге болады. Мал азықтан бас тартып, аузынан көбік ағады. Одан бөлеп денесі ақлтырап, дене температурасы төмендейді. Дем алысы нашарлап, пульсы минутына 100-150-ге дейін артады. Ал денесі мен терісіне адам қолы тисе, мал одан әрі тырыса бастайды. Жедел улану кезінде мал 2-3 сағаттың ішінде өліп кетеді.
Жалпы табиғатта шөпті жайылымдарда жиі кездесетін 273 қауіпті және улы өсімдік бар. Олардың улы қасиеті кептіру кезінде де жоғалмайды. Мұндай өсімдіктер қышқылы көп топырақтарда өседі. Мал жеміне мұндай өсімдіктердің ұрығы түсіп кетсе де, мал уланып қалуы мүмкін.
Келесі мақаламызда минералды тыңайтқыштардан улану туралы кеңінен тоқталмақпыз.
Еске салсақ, бұған дейін қой-ешкілерді жұқпалы инфекциялардан сақтау тәсілдеріне тоқталған болатынбыз. Сонымен бірге, жұқпалы емес дерттерге кеңінен тоқталған едік. Одан бөлек, қойыңыз ақсап қалса, ненің белгісі екенін де жазған едік. Қойлардың емделмейтін, арты өлімге әкелетін аурулары да көп. Ол туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Ал дұрыс азықтандырмау салдарынан орын алатын мал аурулары осы сілтемемен өтіп, біле аласыз.
(Жалғасы бар)
Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».
Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы
Agroqogam.kz