Бюджет қаражатынан 12 млрд теңге қолдау алған Ақсу қант зауыты тоқтап тұр

Жетісу облысындағы Ақсу зауытын тоқтап қалуы биыл өңірдегі шаруалар үшін бірақ қиындық тудырған. Олар өздері еккен қант қызылшасын 150 шақырым жердегі Көксу зауытына тасымалдап, шығынға батқан. Бұл туралы өңір басшысы Бейбіт Исабаев Ақсу тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Жиында араға он жыл салып, 2017 жылы 25 қыркүйекте қайта іске қосылған Ақсу қант зауыты сөз болды. Мемлекеттік бюджет 12 млрд теңгеге көмек алған зауыттың тоқтап тұрғанына Исабаев біраз сын айтты.

«Ақсу қант зауытына 12 млрд теңге бюджеттік инвестициялар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілгеніне қарамастан, зауыт тоқтап тұр. Соның салдарынан осы жазда қант тапшылығы орын алып, бағасы күрт өсті. Зауыт маңындағы қант қызылшасын өсірген фермерлер оны 150 шақырым жердегі Көксу қант зауытына тасымалдауға мәжбүр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы қысқа мерзімде зауытты іске қосуды немесе жаңа инвесторлар тарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, бізге облыстағы екі қант зауытының жүз пайыз жүктемесін қамтамасыз етіп, онда шығарылатын ақ қант көлемін 2026 жылға дейін 180 мың тоннаға дейін жеткізу керек», — дейді өңір басшысы.

Одан бөлек, әкімнің сөзінше, Ақсу ауданында 565 гектарына қызылша себілгенімен, 500 гектар жерден бар-жоғы 4,1 мың тонна қызылша зауытқа өткізіліпті. Бұл ретте өнімділігі 88 центнерді құраған.

Жиында ауданға қант қызылшасы алқаптарын арттырып, өнімділікті өсіру бойынша Ақсу ауданы әкімдігіне тапсырма берілді.

Айтолқын Адырбайқызы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.