Алакөлдегі алапат өрт: 4 демалыс орны өртке оранды

Алакөлдегі алапат өрт
Алакөлдегі алапат өрт

Өткен түнде Алакөлдегі бірнеше демалыс орнында өрт шықты. Өрттің виделары әлеуметтік желілерге тарап кетті. ТЖМ хабарлауынша, салдарынан 7 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды agroqogam.kz.

Өрт 4 шілде күні сағат 23:20-да Абай облысы Үржар ауданы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде шыққан. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес тұрған база әп-сәтте отқа оранған. Сондай-ақ құрғақ шөп те жанған. Демалушылар өрт салдарынан өз бетінше үйлерден кеткен.

Ал полицияның жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алды.

Өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің және халықтың бірлескен күшімен өрт 5 шілдеде сағат 5:40-та сөндірілген.

Алдын ала дерек бойынша 4 демалыс базасына залал келген, өрт 3000 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы ТЖД 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.

«Өрт бірден бір ағаш үйден екіншісіне тарала бастады. Өрт сөндірушілердің және өртті сөндіруге қатысқандардың сауатты және жедел әрекеттерінің арқасында өрт тоқтатылды. 7 адам медициналық көмекке жүгінді, тексеруден кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды», — деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебін анықтау жөніндегі жұмыстар жасалуда.

Айтолқын Адырбайқызы,

Жетісу облысы,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.