«Диқандар жұмыссыз»: Ұйғыр ауданының тұрғындары суармалы жерлер мәселесін шешуді сұрап отыр

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ірі қара мал басы 85 мыңнан артылып жығылады. Алайда соған қарамастан, бүтін бір ауданда екі бордақылау алаңы және бір ғана сүт тауарлы фермасы бар. Сондай-ақ, Алматы облысының өзге де аудандарында секілді мұнда да халық суармалы жерлердің проблемасын шешіп беруді сұрап отыр. Халықпен кездескен Бозымбаев суармалы жерлер қашан қалпына келтірілетін айтты, деп жазады agroqogam.kz тілшісі.

Облыс әкімінің халықпен кездесу ұйымдастырғанына ауыл тұрғындары аң-таң. Себебі мұндай кездесу ұйымдастырмағалы 10-15 жылдай өтті, дейді олар. Олар бұны әкімнің өзіне де кездесу кезінде айтты. Сонымен бірге, кездесуде белсенділер халықтың үнін әкімге жеткізуге барын салды. Тұрғындардың айтуынша, Алматы облысының басқа аудандарындағыдай мұнда да жер мәселесі өткір болып отыр. Оның ішінде егін егуді қолға алу үшін суару жүйесінің осалдығын ашық айтты.

«Сіз былтыр 19 желтоқсанда келгенде бірқатар сұрақ қойып едік. Соның бірі суармалы жерле. Біздегі таулы өңірлерде 10 селолық округ орналасқан. Сол жерде 9 мың гектарға тарта суармалы егістігіміз бар. Кезінде бұл егістіктерден өте жақсы өнім алынатын. Кейінгі кезде сол егістіктерге су беретін мекемелердің барлығы иесіз қалды. «Қазбатхоз»-ға өткізіп бергенбіз 2016 жылы. 225 километр жер.

Бірақ содан бері ешқандай жұмыс атқарылған жоқ. Егер бұл мәселе шешімін таппаса, ауылдағы диқаншылар жұмыссыз қалды. Жалпы біздің ауылға ауылшаруашылығының барлық өсімдіктері жақсы өседі. Су тапшы. Осыған байланысты облыстық әкімдік жоспары қандай?

Ұсыныс жасағанбыз ауылдық мекендердегі суға қарау үшін ауданда мемлекеттік пе, басқа ма –  жүйе болса деген. Каналдар мәселесі бар. Осы өңірде 5 мың гектарға жуық суармалы жер болған. Электр энергиясының қымбаттауына байланысты тоқтап қалды. Осыны қайта жаңғыртсақ, осы мәселеге көңі бөлінсе. Азық-түлік қауіпсіздік мәселесі маңызды», – деді Шонжы ауылының тұрғыны, зейнеткер Бектұрсынов (есімін атамады).

Бозымбаевтың айтуынша, аталған мәселе қолға алынып жатыр. Алайда құжаттардағы олқылықтардың салдарынан мәселе кешеуілдеп тұр.

«Суармалы жерлерді қалпына келтіру қолға алынып жатыр. Биыл республикалық та, облыстық бюджеттен де қаражат бөлінген. Өкінішке қарай, осы бойынша жобалық-сметалық құжаттама кішкене ескірген екен. Құжаттары ескі болып отыр. Нормативтері де, бағалары да. Сондықтан осы қағаздарға тиісті әкімшілік және құрылыс басқармасы біріге түзету жасаса, онда келесі жылы осы қыркүйек айынан үкіметке республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін өтініш береміз және өзіміз де облыстық бюджеттен қаржы бөлеміз. Каналдар мәселесі де осыған тікелей байланысты. Суармалы жерлер жұрыс болса, жерлерді үнемдеу дұрыс болса, онда каналдарды да реттеуді қолға алуға болады. Өз тарапымыздан техника бөлінген, каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде», – деп жауап берді әкім.

Сонымен бірге, кездесуде Бозымбаев суару жүйелерін жөндеуде аудан басшылығының нақты шаралар қабылдамауына назар аударып, сынға алды. Осы мәселелерге байланысты аудан басшылығына тиісті тапсырмалар берді.

Айтолқын Адырбайқызы,

Алматы облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.