Қазақстанда шексіз жатқан жерлерді иемденіп отырған адамдар бар екен. Мысалы, Маңғыстау облысындағы бір шаруа 2 миллион гектарға жуық жайылымға қожалық етіп отыр. Әлем картасындағы бірнеше мемлекет сыйып кететіндей аумақтың иесі бұл жерді не өзі пайдаланбайды, не өзгеге бермейтін көрінеді. Кеше ғана күшіне енген ғарыштық мониторинг туралы заң енді осындай жер иелерін анықтауға мүмкіндікті арттыра түспек.