Қойларда кездесетін ауруларға жалғастыра келе, диагностикалауы өте қиын жұқпалы әрі қауіпті аруларға тоқталмақпыз, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Қойларда кездесетін инфекциялық ауруларды диагностикалау әрі дер кезінде емдеу өте маңызды. Себебі бұл аурулар бүтін бір фермадағы қойларға ғана емес, адамға да жұғу қаупі бар.
Құтыру — қойларда кездесетін қауіпті ауру. Оны анықтаған жағдайда, ауру қой отардан бірден аластатылады. Ауру жұқтырған қой өледі. Отардағы барлық қой бұл ауруды жұқтырып алуы мүмкін, тіпті ол адамға да жұғады. Аурудың қоздырушысы залалсыздандыратын құралдардың сілтілік, қышқылдық түрлеріне, және жоғары температураға тұрақсыз вирус болып саналады. Оның екі түрі бар. Бірі – тыныш түрі, екіншісі — белсенді түрі. Алғашқысында қойлардың дауысы өзгеріп, дауысы қырылдап қалады. Аузынан сілекейі көптеп ағып, жүрісі баяулап, теңселіп қалады. Одан кейін ол тамақ ішуден қалып, денесі тырысып қалады.
Белсенді түріндегі құтыру ауруы кезінде қой өзін өте агрессивті ұстайды. Қорадан шығып, маңырай береді, басын қабырғаға ұрып, жерді қаза бастайды.
Құтырудың алдын алу үшін арнайы вакциналарды пайдаланған жөн. Шаруа қожалығын қараусыз жүрген иттерден қорғау үшін жақсылап қоршайды. Бүгінгі таңда құтырудан емдейтін ем түрі жоқ. Ауру анықталған жағдайда ауру малды сояды.
Қойда қатты улану белгілері болып, дене қызуы жоғарыласа, онда ол брадзот дертіне шалдығуы мүмкін. Бұл дертке шалдыққан малдың асқазанында қабыну орын алады. Негізінен бұл дерт барлық қойда кездеспейді. Бірақ егер жұқтырып алса, оның тірі қалуы екіталай. Дерт таяқша тәрізді микроағза арқылы қозады. Ол жануардың ағзасына түсіп, қауіпті токсинді вирус түзеді және ол тез өрбіп, мал бірнеше сағаттың ішінде өліп кетеді. Аталған ауру вирусы түрді залалсыздандыратын құралдарға сезімтал. Малдың аяқ-қолы тартылып, жүре алмай қалады. Аталған аурудың бүгінде емі жоқ. Алдын алу үшін уақытылы вакцина алу керек.
Бруцеллез – адамға жұғуы мүмкін контакгиозды ауру. Малдың түрлі ағза мүшесі қабынып кетеді. Қоздырушы бактериялары бруцеллалар (Brucella). Олар жоғары температуда және түрлі залалсыздандыру құралына төзімсіз. Ауру белгілерсіз өтеді және байқалмай өтуі мүмкін. Оның бар-жоғын салдарынан анықтауға болады. Мәселен, қошқардың жұмыртқалары ісініп, қабынуы мүмкін. Ал буаз қойлар түсік тастауы мүмкін. Ал аурудың ауыр түріне шалдықса, онда қойдың артқы сирақтары істемей қалады. Аурудың еміжоқ, сол үшін малды союға жібереді. Алдын алу үшін отарға жаңа мал әкеп қосқанда, оны ветеринарлық емханада тексеруден өткізген жөн.
Өкпенің аденоматозы да өте қауіпті аурулардың бірі. Ол бастапқы кезде қатты жөтелмен басталады. Артынша мұрнынан шырыш ағады. Ауырғанм малды жазыпшығару мүмкін емес. Сол үшін ауру анықталған малды бірден отардан аластатып, сояды.
Бүтін бір отар үшін қауіп төндіретін ауру түрі — листериоз деп аталады. Мал ағзасы бактериалды микроағазаларға толып кетеді. Оның бірнеше түрі бар. Жүйке жүйесінің листериозы кезінде мал 100 пайыз өледі. Ауру белгілеріне тырысу, тәбеттің болмауы, қозғалыс аппаратының жұмыс істемеуі жатады.
Еске салсақ, бұған дейін қой-ешкілерді жұқпалы инфекциялардан сақтау тәсілдеріне тоқталған болатынбыз. Сонымен бірге, жұқпалы емес дерттерге кеңінен тоқталған едік.
(Жалғасы бар)
Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».
Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы
Agroqogam.kz