Қонаев қаласының Бас жоспары қабылданды

Фото baq.kz
Фото baq.kz

Алматы облысы, 1 тамыз /Айтолқын Адырбай/ QOGAM-MEDIA.KZ – Бүгін Үкімет Қонаев қаласының бас жоспарын бекітті, деп хабарлайды qogam-media.kz.

Бас жоспарға сай, қаланың өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық
аймақтарын ұтымды бөліп, жайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру
көзделген.

Жоспарды іске асырудың есептік кезеңі 2050 жылға дейін жалғаспақ.
Жоспарға сәйкес, осы кезеңде қала өңірдің заманауи көпфункционалды
әкімшілік, қаржы және мәдени, өнеркәсіп-инновациялық, көлік-
логистикалық, ғылыми-білім беру орталығына, сондай-ақ Алматы
агломерациясының инновациялық-индустриялық, азық-түлік белдеуі,
мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай химиясы орталығына айналуға тиіс.
Одан бөлек қаланың Алматы облысының басты туристік бағыттарының
бірі, судағы демалыс орны және су спорты, туризм, аң аулау және балық
аулау орталығы ретінде әлеуеті зор.

«Өңірдің көлік-логистикалық жүйесін жаңғыртуға және одан әрі дамытуға
жақсы серпін берілетін болады. Қонаев қаласының авиация, теміржол, жол
және су көлігін қолданудағы көлік-логистикалық жүйесінің
мультимодальдығы оны Алматы облысындағы орталық көлік-
логистикалық хабқа айналдырмақ.

Жасыл электр энергиясын өндіру көздері – Қонаев қаласының
индустриялық-инновациялық дамуының маңызды аспектісі.
Қаланың әлеуметтік саласын дамытудағы басымдық – оны Алматы
облысының және өңірдің туризм, демалыс, спорттық демалыс орталығы
статусына сәйкес келетіндей етіп дамыту», – делінген Үкіметтің баспасөз
қызметі таратқан ақпаратта.

Жоспарға сай қалада аталған кезең аралығында жалпы ауданы 2 538,2 мың
м2 жаңа тұрғын үй салынбақ.

Одан бөлек мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер санын
екі есе көбейту көзделген. Денсаулық сақтау жүйесінде тәулік бойы жұмыс
істейтін стационарлардағы төсек-орын саны, амбулаториялық-емханалық
көмек көрсететін нысандар, сондай-ақ жедел жәрдем станциялары мен
көліктер саны екі есе артпақ.

Еске сала кетейік, бүгінде қалада 54 907 адам тұрады. Ауданы — 56,03
шаршы км.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.