Қойларды жайылымда бағу жүйесі: жайылым түрлері туралы не білесіз

Жайылым – кез келген мал шаруашылығы үшін аса маңызды аспектілердің бірі. Десе де жайылымдардың да түр-түрі болады. Бүгінгі мақаламызда біз жайылымға қатысты бірқатар маңызды ақпаратты назарға ұсынамыз, деп жазады Agroqogam.kz.

Қой – жайылымдық мал. Арзан жайылымдық азық қой бағудағы экономикалық тұрғыда да маңызды аспектілердің бірі. Тұрақты әрі берік азықтық базаны жасақтау шабындықтардағы және егістіктердегі ірі, ылғалды әлі концентрацияланған азықтарды даярлауға байланысты болады.

Қожалықтағы жайылымдарды дұрыс пайдалану үшін келесі маңызды дүниелерді естен шығармаған абзал:

  • Қойларға арналған жайылымдық шөптің тәуліктік нормасын;
  • Жайылымдардағы шөптің сапасын;
  • Жекелеген жайылымдардың қанша пайызына қойды жаятыныңызға;
  • Жайылымның 1 гектарында жайылатын қой саны;
  • Жайылымдық конвейер сызбалары;
  • Сақтандыру қорының сомасын.

Қойлардың азық тұтыну көлемі де осы жайылымның түріне, жыл маусымына, қой жасына және физиологиялық жай-күйіне байланысты айтарлықтай деңгейде ауысып отырады.

1 га жайылымдың жерге қанша қой бағуға болатынын келесі формула арқылы есептеп шығаруға болады:

Г = У/Н*П, мұндағы Г – 1 га жерге жайылатын мал саны, У – 1 га жерде желінетін шөп көлемі (кг), Н – 1 қой жейтін тәуліктік шөп нормасы. П – бұл жайылымның қолданылу мерзімі (күнмен есептеледі).

Жайылымдарды пайдаланудың маусымдылығы қойдың жынысы мен жас ерекшеліктеріне, сонымен бірге қой бағу технологиясына қарай түрліше болады. Қой бағу көп жағдайда үлкен аумақты қажет етеді. Бұл жайылымның көп бөлігі табиғи жартылай шөлді және шөлейтті жерлер болады. Өнімділігі аз, шабындықты өсімдіктер жайылымның 1,5 бөлігін, яғни 1 пайызын алып жатады. Жекелеген өңірлерде табиғи шабындық жоқтың қасы. Жайылымдық өсімдіктердің өнімділігі төмен және бір гектардан құрғақ азықтың 1,0-3,5 центнер көлемінде шығады. Аймақтардағы жайылымның суландырылуы шамамен 55-86 пайыз деп айтылады.

Аридтік аумақтарда тақыр, сортаңды, құмды әрі сұр топырақты сазды және құмайтты жерлер бар.

Табиғи-климаттық жағдайлар, шөптердің сипаты, жайылымдардың суландырылуы қой шаруашылығын жүргізу жүйесін қалыптастырып, жайылымдық аумақтарды маусым бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Қазақстанның шөлді және шөлейтті аумақтарында жайылымның түр-трі кездеседі. Оларды ғалым В.Н. Николаев 10 түрге жіктеп, 178 түрін анықтаған. Қазіргі таңда бұл деректер шөлейтті аймақтарда өсетін өсімдіктердің азықтық әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. Әсіресе, жайылымда жайылатын қойлардың азығының нормаларын, азықтардың құндылығын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның жер қорын жіктеп, түрге бөлу арқылы оынң ботаникалық, зоотехникалық және экономикалық есебін шығаруға болады. Шөлді аймақтардағы жайылымдар негізінен жыл бойы пайдаланылады. Сондықтан, кез келген шаруа шаруашылықты қолға алған кезде орналасу географиясына қарай тиесілі жайылым қандай жйылым түріне жататынын анықтап, соның сипаты бойыншамалдарға азық-жемді үйлестіре ұйымдастыруы тиіс.

Маусымдық жайылымдар негізінен үш түрге бөлінеді. Олар: Көктемгі-күзгі, жазғы және қысқы. Кей аймақтар жоғарыда айтып өткеніміздей, жыл бойы жайылымға жарайды. Қысқы және жазғы жайылымдарды көп жағдайда алмастырып отырады, мәселен биыл жайылымды қыста пайдаланса, келесі жылы оны жазда мал жаю үшін ұстап тұрады. Десе де ғалымдар жайылымды орынды пайдалану үшін жайылым айналымының 8 жылдық және 4 егістікті жүйесін енгізуді жөн санайды. Бұдан бөлек, жайылымды пайдаланған кезде ондағы малдардың су ішетін орындарын да тиімді орналастырудың мәні зор.

Бүгінгі таңда жайылымдың жерлердің жетіспеушілігі мәселесі көп айтылады. Сол себепті қол да бар жайылымдарды ұтымды пайдалануға болады. Бұл үшін жайылымдардағы суландыру дамытып, азықтық өсімдіктердің жақсы түрлрін егу, одан бөлк, жем қорын арттыру, қой өсіру жайларының санын арттудың көп рөл атқаратыны айтылып жүр. Бұл жайсыз ауа райы кезінде қойларды аман алып қалудың бірден бір тәсілі болмақ.

Тағы бір есте сақтайтын жайт, қойларды жайылымда ұстау олардың азығының нормасы сақталмай қалу қаупі бар. Бұл әсіресе буаз қойларға зиянын тигізуі мүмкін. Әсіресе жайылымдағы шөптердің құнарсыз болуы, құрғақшылық орын алса, бұл айтарлықтай әсерін тигізеді. Мәселен, жас малдарға жайылымға шығарудан бөлек концентрацияланған жем беру пайдалы.

Сонымен бірге, жайылымдардағы қойларды күніне 2 мәрте суғару керек. Күн салқын әрі ылғалды болса, тәулігіне кейде 1 рет суару жеткілікті болады. Көп жағдайда оларға таңертең және түскі демалыстан соң су берген дұрыс. Ал жаз айларының ортасында, өсімдіктер қатайа бастаған тұста, таңертеңгі суарудан 2-2,5 сғат өткеннен соң және түскі үзілістен соң да тағы бір мәрте суарған жөн.

Қой шаруашылығының тағы бір маңызды тұсы – тұз беру. Әсіресе, ылғалды көк шөп жегеннен кейін қойлардың ағзасы тұзды қажет етеді. Түйіршіктелген тұздан бөлек (ересек саулыққа 10-15 гр., қозыға 5-8 гр.) жалауға арналған қаратұз береді. Оларды қойлардың демалатын орындарын орналастырады. Құрты бар қойларға фенотиазды-тұзды брикеттерді қолданады.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы

Алматы облысы,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.