Қазақстан Ресейден астық импортына жаңа шектеу енгізбек

Фото: В Томске

Астана. 19 қыркүйек. /Айтолқын Адырбай/ QOGAM-MEDIA.KZ – Осы және өзге де шаралар табыстылық деңгейінің тұрақтандырылып, нарықтың арам ниетті қатысушылары тарапынан болатын демпингті болдырмауға мүмкіндік береді, дейді АШМ өкілдері.

Қазақстанда қазан айынан бастап Ресейден астық сатып алу бойынша шектеулер енгізілмек, деді ОКҚ алаңындағы брифингте АШМ егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

«Сұр импорт пен сыртқы экономикалық қызметтің арам ниетті қатысушылары тарапынан туындайтын түрлі айла-шарғыларды болдырмас үшін Ресей Федерациясынан бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салынды. Бұған қоса қазан айынан бастап РФ-нан бидай сатып алу бойынша шектеулер енгізілмек және есепте тұрған лицензиясы бар элеваторларға ғана жеткізу рұқсат етіледі. Олар тіркелген және астық қолхатын жазу мен астықты сақтау бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиялары бар. (…) Сонымен бірге құс және мал өсіретін қожалықтар, өңдеу кәсіпорындары. Бұлар темір жол көлігі арқылы әкеле алатындар. Бұл шаралар реэкспорттар болмас үшін қолға алынбақ. Шектеулердің максималды мерзімі алты ай болмақ.

Тұтас алғанда аталған шаралар табыстылық деңгейін тұрақтандырып, астық нарығындағы адал ниетті емес қатысушылар тарапынан болатын демпингті болдырмауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Азат Сұлтанов.

Еске салсақ, бүгінде елімізде 6,9 млн гектар астық және дәнді-бұршақты дақылдардың 40 пайызы жиналған. АШМ деректеріне сай, биылғы астық көлемі 16 млн тонна деңгейінде болмақ.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.