Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы аграрлық-өнеркәсіптік кешен өнімінің тауар айналымы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 58% артып, 265,5 млн долларды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дегенімен қазір Қытайға агроөнімдерді экспорттауда ветеринариялық шектеулер, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық стандарттар арасындағы айырмашылықтарға байланысты кедергілер бар. Бұл кедергілерді шешу үшін министр аумақпен экспортты шектемей, эпизоотиялық қауіпсіздік бойынша екі елдің аймақтандырылуын тануға көшуді ұсынған болатын. Екі ел арасындағы ауылшаруашылығы мәселелерін оңынан шешу мақсатында ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрінің орынбасары Ма Юсянмен кездесу өткізді.
Кездесу нәтижесінде Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы жөніндегі бірлескен шағын комитет құрылатыны туралы айтылды. Бұл жұмыс органы АӨК-тің өзекті мәселелерін жедел қарайтын және екі ел арасындағы саладағы ынтымақтастықты тиімді дамытатын болады. АШМ басшысы қытайлық делегациямен кездесу кезінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның 5 аймағын (Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстары) вакциналарды қолдана отырып, аусыл бойынша қолайлы деп танығанын атап өтті. Сондай-ақ, министр жақын арада ҚХР-ға мұздатылған ет жеткізу қайта жанданып, салқындатылған сиыр, қой, шошқа еті, ірі қара малдың терісі мен қосалқы өнімдерге арналған ветеринариялық талаптарды мен хаттамалардың жобаларын қарау бойынша келіссөздердің басталатынына үміттенетінін айтқан.
Маржан Әбіш
Agroqogam.kz.