Цифрлық даму министрлігі қаражаттың жартысына жуығын республикалық бюджеттен тартуды көздеп отыр.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ашық НҚА порталында «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобасын қоғам талқысына ұсынды.
Жоба 2023-2027 жылы жүзеге асырылып, нәтижесінде кең жолақты интернетке қолжетімділік 100 пайызға жетуі тиіс. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалаларды 5G желісімен 75%, ал облыс орталықтарын 60% қамту көзделген.
Бұл үшін құзырлы министрлік сымды және сымсыз интернет байланысын қатар дамытуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 5 жыл ішінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін 3 мың ауылға жеткізу міндеті тұр.
Құжат жобасына сәйкес, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыруға 1 114 726 105 мың теңге қажет. Оның ішінде:
2023 жылы – 161 028 372 мың теңге;
2024 жылы – 246 243 232 мың теңге;
2025 жылы – 252 005 804 мың теңге;
2026 жылы – 227 494 848 мың теңге;
2027 жылы – 227 953 848 мың теңге жұмсау көзделген.
Қаражаттың 531 988 432 мың теңге бөлігін республикалық бюджеттен алу жоспарланып отыр.
Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.
Источник: Информбюро