Енді қазақы ит тұқымдарының бірыңғай стандарты бекітілмек. Аталған стандарттарды енгізу туралы бұйрық нормативтік-құқықтық актілер порталында ашық талқылау үшін жарияланған, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.
Бұйрық мәтінінде қазақы иттерге жататын тазы мен төбет тұқымды иттердің сипаты нақты көрсетілген.
Бұйрық мәтініне назар салсақ, төбеттің негізгі сипаттамалары мынадай деп бекітілген:
«Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит. Дене бітімі өте жеңіл, аяқтары шығыңқы, шамалы созылыңқы болады».
Сонымен бірге төбеттің биіктігі 60 сантиметрден 70 сантиметрге дейін болады.
Бойының жоғарғы шектен асып кетуі пропорция және стандарттың талаптары сақталған жағдайда ақаулық немесе кемістік болып саналмайды.
Төбеттің өңі қара, ақ, түрлі реңкті ақшыл сарғыш, қызыл және сұр болуы мүмкін.
«Жарғақ құлақ», «тықыр тазы» сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, мәтінде төбеттердің жеңіл жортып, аңды аңду кезінде шапшаң жүгіретіні жазылған.
«Жорға жүріс. Алғыр, қырағы, аңға өшпенді, төзімді және икемді»,- деп сипатталған.
Бұйрық 2023 жылғы 1 шілде күні қолданысқа енгізілмек. Қазіргі таңда аталған стандарттар жария талқылауға ұсынылды.
Айтолқын Адырбай,
Agroqogam.kz.