«Құрып кету алдында тұр»: Қазақстанда 150-ге жетер-жетпес тазы қалған

Жеті қазынаның бірі саналатын қазақы тазыларға жойылып кету қаупі төніп тұр. Бұл мәселенің көтерілгеніне де біраз онжылдықтың жүзі болды. Ресми дерек бойынша бүгінде елімізде 100-150 нағыз тазы ғана қалған, деп хабарлайды energyprom.kz.

Бүгінде Қазақстанда ежелгі қазақы тазылардың таза тұқымын сақтап қалу мәселесі күн тәртібінде тұр. Биология ғылымдарының докторы Аркадий Слудскийдің деректеріне сүйенсек, өткен ғасырдың 30 жылдары Қазақстанда 7 мыңға жуық тазы болған. Ал бүгін бұл сан бірнеше есеге қысқарған. Өкініштісі, қазір ешбір ресми ведомство елде қанша тазы бар екенінен бейхабар. Себебі олардың санын есептейтін жауапты орган жоқ.

Бәйге немесе жыртқыш құстармен аңшылық секілді тазымен аң аулау ұлттық спорт түрлеріне еңбеген. Тиісінше, тазыларды сақтап қалу бойынша ешқандай бағдарлама да, жоба да қолға алынбай отыр. Басылымның зерттеулеріне сүйенсек, бүгінде тазылар саны күн санап азюда. Ал тазы тұқымы мүлдем еш жерде тіркелмеген.

Десе де елімізде тазы тұқымын сақтап қалуға ұмтылып жұрген ұйымдар жоқ емес. Соның бірі – «Қансонар» республикалық аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы. Аталған ұйым генетикалық материалдарды жинаумен және зерттеумен айналысады.

Десе де, тұқымды қалпына келтіріп, оны мойындату үшін мемлекеттік деңгейде маңызды жұмыс жасау керек.

Негізінде, Халықаралық кинология федерациясының талабына сәйкес, жаңа ит тұқымын тіркеу үшін ит саны кем дегенде 8 отбасыдан тұруы керек. Әр отбасында кем дегенде 2 төбет пен 6 ұрғашы ит болуға тиіс. Иттерді бір-біріне қосқанда олардың туыстық қатынасы кемінде үш буыннан кейін болуы керек. Алайда бұл кемінде 1 мың ит тұқымы болса ғана, мүмкін болады.

Иттің жаңа тұқымын тіркеу үшін FCI-ге тіркелген елдің жетекші кинологиялық ұйымына бағытталуы керек. Алайда біздің елде мұндай ұйым жоқ. 5-ші буындағы ит тұқымына қол жеткізген соң мемлекет жаңа ит тұқымын мойындай алады. Алайда бұл үшін кемінде 10 жыл қажет.

Қазақы тазыларға қауіп төніп тұрғанын және иттің бұл тұқымын сақтап қалу қажеттігін Слудский 1965 жылы айтқан. Ол жинаған деректер бойынша дәл сол жылдары елде 10 мыңға жуық тазы болған. Бүгінде жалпы алғанда Қазақстанда 1000 тазы бар деп саналады. Алайда олардың нағыз тазысы 100-150-дей ғана. 2021 жылғы дерек бойынша 53 тазы ғана тиісінше қараудан өткен.

Тазы – иттің ежелден келе жатқан ит тұқымы. Олардың суреттері Оңтүстік Қазақстандағы петроглифтерде көрініс табады. Бұл петроглифтер шамамен біздің заманымызға дейінгі X–XII мыңжылдықтарға тұспа-тұс келеді. Салыстырар болсақ, жылқылардың өздерін тек қана 6 мың жыл бұрын қолға үйрете бастаған. Тазыны қазақ халқы қасиетті деп санаған. Ашаршылық және жұт кезінде тазылар тұтас бір ауылды аштықтан аман алып қалған деседі. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары олар елдегі бағалы аң терісінің жартысынан астамын осы тазылардың көмегімен аулаған. Мамандардың айтуынша, Қазақстан бүгінгі таңда тазының тұқымын сақтап қалу үшін соңғы мүмкіндігін пайдаланып қалуы керек.

Айтолқын Адырбайқызы,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.