Қытай Ақтөбеден мақсары шайын сатып алғысы келеді

Бұл ерекше шайды жинауды көп жылдар бойы мақсары дақылын өсірумен айналысатын Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы айналысады. Сонымен қатар, өзге де шаруашылықтарда бұл өзгеше дақыл бидай өнімін ығыстыруда.

2018 жылы мақсары дақылы облыстағы егіс алқабының 10 мың гектарын иеленсе, өткен жылы 34 мың гектар, ал биылғы жылы 722,3 мың гектар жердің 85 мың гектарына егу жоспарланған.

«Климат құрғап барады, бидайға ылғал жетпейді, ал, мақсары дақылы жақсы өнім береді», — дейді Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы мақсары және егін шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Айбатша Жұбанышева.

Айбатша Үмбетқызы Жұбанышева – Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында өсірілетін «Ахрам» мақсары сортының авторы.

Ғалым мақсарыны сұрыптаумен ғана шұғылданбай, мақсары гүлінің жапырақшаларынан емдік фитошай алу және зерттеумен де айналысады.

Бұл ерекше сусынның басты артықшылығы құрамында қанды сұйылтатын заттардың болуы. Дегенмен, мақсары шайының құндылығы мұнымен ғана шектелмейді. «Бұл жақсы тыныштандыратын дәрумен, сонымен қатар, бұл шай холестеринді, қан қысымын төмендетуге және қан айналымын қалыпқа келтіруге көмектеседі», — дейді Айбатша Үмбетқызы.

Қытай медицинасында мақсарыны жүрек және коронарлық тамыр ауруларына, сондай-ақ ынталандырушы, сұйылтушы, залалсыздандырушы және ауырсынуды азайтушы дәрумен ретінде қолданады.

Дегенмен, мақсары шайын жинау оңай жұмыс емес. Жапырақтары өте жеңіл болғандықтан бір гектардан 200 грамдай ғана жапырақ жинауға болады.

Мақсары фито шайын Қытай еліне жеткізілу туралы ұсынысты жақында алдым деп баяндайды ғалым. Бұл өнімді санаторилерде емдік мақсатта пайдалану үшін сатып алғылары келеді. Өйткені, Ақтөбеде мақсары өсіруде химиялық тыңайтқыштарды қолданбайтындығын қытайлық сатып алушылар басты назарға алуы мүмкін.

«Бұл дақыл үшін біздің топырағымыздағы азот, фосфор, калий жеткілікті», — дейді Айбатша Үмбетқызы.

Қытай тарапы 2 тонна мақсары шайын жеткізілуге тапсырыс береді,  бірақ бізде соншалықты өнім жинақталмаған.

Мақсары дақылын жинау уақыты шілде айының соңынан тамыз айының басына дейін ғана мерзіммен шектеледі. Жапырақтары өте жеңіл, бейнетті, қол еңбегімен ғана жиналады. Механикалдырылған жеңілдікпен жинау мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, қызғылт-сары жапырақты мақсары ғана шай өндірісіне жарамды.

Патент алуға қажеттілікке арналған мақсарының бір килограмын өткен жылғы шалғындық көбелектің көптігінен жинай алмадық. Олар өсімдіктердің барлық жасыл бөліктері мен гүлдерін жеп қойды. Қызғылт-сары далалық келесі күні-сұр-қоңырқай түске боянды. Биыл мақсары дақылын көптеп егу жоспарлануда, дегенмен қажетті көлемді жинай алуымыз белгісіз.

Қазірде, ақтөбелік ғалым Нұрсұлтан қаласындағы Евразия университетінің дәрігер және химия ғалымдарымен бірлесіп ауқымды ғылыми жоба әзірлеуде.

Аслан Әділбек,

Ақтөбе облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.