Қой азығының түрлері: дәрумендер не үшін қажет?

ТМД елдерінің аумағының табиғаты мен климаттық жағдайы қой шаруашылығымен айналысуға және олардың азығын даярлауға өте қолайлы. Қойлар жыл бойы қуатты әрі құнарлы азықпен қамтамасыз етілсе, онда одан алынатын шикізат өнімінің сапалық көрсеткіші де жоғары болмақ. Бүгінгі мақаламызда қойлардың азығының сипаты туралы баяндамақпыз.

Қойларға қандай азық береді?

Қойлар жайылымдық өсімдіктердің көптеген түрін жейді. Осыған қарамастан кей маусымдарда олардың азық рационына қара шөп, шырынды, концентрацияланған азықтар мен ақуызды, минералды және дәруменді қоспалар қосу қажет болады.

Көк шөп (жайылымдық азық) қой азығының көктемгі жәнежазғы жайылымдағы рационының негізі болып саналады. Олар протеиндерге, дәрумендерге, минералды және биологиялық белсенді заттарға бай. Көк шөптің кепкен түрінде қуатты әрі құнарлы заттардың мөлшері мынадай: 1 кг азықтың 1 келісінде 0,7-0,8 азықтық бірлік бар. Каротин мөлшері 150-280 кг.

Қарқынды қой шаруашылығы аймағында көк шөп ретінде көпжылдық және біржылдық дақылдарды пайдалануға болады.

Пішен қысқы уақытта қой азығының негізі. Жоғары сапалы пішендеқой ағзасына қажетті барлық құнарлы заттар бар.  Оның ішінде макро және микроэлементтер.

Азықтың ақуыз тапшылығы проблемасын азайту үшін бұршақты дақылдар шөбін әзірлеуді арттыру. Сапалы бұршақ шөбінің 1 келісінде 0,5-0,6 азықтық бірлік және 80-120 г протеин бар. Олар каротин және өзге де дәрумендерге, сондай ақ макро және микроэлементтерден тұрады.

Қойлар үшін шөбі аз, жайылымдық, бұршақ шөптерін пайдаланған дұрыс. 1 қой басына тәулігіне: буаз саулық қойға  – 0,5-0,7 кг шөп, еметіндерге – 0,8-1 кг, толықтырма төлге – 0,4-0,5 кг, ал қошқарларға 1-1,5 кг берген жөн.

Шөп аз болған кезде оның орнынақойға сабан беруге болады. Онда жасұның мөлшері өте көп. 36-42% жасұнық, ал протеин мен дәрумендер мөлшері 3-4%.

Азық түрінде қарастырар болсақ, сұлы сабаны жақсы саналады. Одан соң тары мен арпа сабаны сапасы жөнінен алдыңғы қатарда. Алайда қойларды тек қана сабанмен азықтандыруға болмайды.

Шөп ұны – қолдан кептірілген шөптен алынатын құнды азық. Құндылығы – 1 кг – 0,7-0,9 азықтық бірлік. Ал шикі протеин мөлшері 16-20%, каротин мөлшері – 250 мг және одан да жоғары. Түйіршік немесе тлық рационды қоспа түріндегі шөп ұнын қойға тәулігіне 15-20% беруге болады.

Силос – жасыл жүгеріден, күнбағыстан және өзге де егілетін өсімдіктерден жасалатын шырынды азық. Тағамдық құндылығын арттыру оны сүт қышқылы арқылыконсервілеп қоюға болады. Ал сүт-қышқылды бактериялар үшін қолайлы жағдай жасап, сіркеқышқылды және майқышқылды бактериялардың пайда болуына болдырмау үшін силосты дұрыс сақтау әдістерін білу керек. Жаңа шабылған, ұсақталған шырынды азықты нығыздап, ауа кірмейтін етіп таптау керек. Силос жасалатын өсімдік көлемін тығыздауға 3-4 күн кетеді. Сапалы силос буаз, сауылатын және толықтырма төл рационында 2,5-4 кг-ға дейін болуы керек.

Жүгері силосын сақтағанда оны азотты қоспалармен байытып отырған жөн. Оның ішінде несепнәрмен, аммоний фосфатымен немесе аммоний сульфатымен байыту керек. Оны есептеу үшін силосталатын азықтың 1 тоннасына 2,5-3,5 кг аталған заттарды қосады.

Пішендеме (сенаж) – орылған егістік және табиғи  шөптерден әзірленген, ылғалдығының 50-55 пайызына дейін кептірілген, ары қарай  герметикалық жағдайда консервіленген азық. Силоспен салыстырғанда онда құрғақ зат, қант және каротин мөлшері көп болады.

Жоғары сапалы сенаж кез келген жастағы қойларға толық рационды азық ретінде қолданылады.

Сәбіз, қызылша, картоп  және өзге де тамыр түріндегі өнімдерді ересек малдарға күніне 2-3 кг-нан, ал жас малға 1 кг-нан беруге болады. Оларды малға берер алдында жақсылап жуып берген жөн.

Концентрацияланған азықтар мөлшері аз болса да, өте құнарлы азық қатарында. Мәселен, 1 келі сұлы немесе жүгері дәнінде тиісінше 1,21-1,34 кг азықтық бірлік бар. Олар протеинге бай. Концентрацияланған жем ретінде дәнді-дақылдардың, бұршақтардың, күнжіт және кебек және т.б. пайдаланады.

Бұл жем түрін кейбір азық түрін дұрыс үйлестіру үшін қолданады. Сұлы, арпа, бидай, жүгеріні қуаттылығы бойынша теңестірсе, бұршақты жем түрін протеин, май, фосфор бойынша үйлестіреді. Кебек минералды заттарға, әсіресе фосфорға бай. Ересек қойларға беретін концентраттар мөлшері тәулігіне 0,3-0,5 кг болса, жас малға 0,2-0,4 кг жеткілікті.

Минералды заттар малдардың ағзасындағы асқорыту, тыныс алу, және өзге де өмірлік маңызды фукнцияларының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылады.

Қой ағзасында мұндай заттар тым көп немесе керісінше аз болса, бұл бірқатар дерттің себебі болуы бек мүмкін. Олар қой өнімділігі мен сапасын 25 пайыздан және одан да жоғары деңгейге түсіреді (рахит, остеопороз, анемия және т.б.).

Азықтық протеинді алмастыратын синтетикалық заттар қатарына – карбамид, несепнәр және аммоний заттары қой рационындағы протеин тапшылығын жою үшін қолданады.

Карбамид қойдағы тыртықтардың тез жазылуына әсер ететін микрофлора болып саналады.  Осылайша 1 келі карбамидтен 2,6 кг бактериалды ақуыз түзеді. Бұл қойлар ағзасындағы протеин тапшылығында ғана беріледі. Карбамид улы зат, сол себепті оны таза немесе суға қосып беруге болмайды. Оны концентрацияланған азықпен мұқият араластырып береді. Карбамидті тәулігіне 15-18 г-нан артық бермейді, ал жасы 6 айдан асқан жас малға 10-12 г-нан көп беруге рұқсат етілмейді.

Одан бөлек, мал азқасындағы зат алмасу және биологиялық функцияларын реттейтін биологиялық катализатор бар. Олар дәрумендер.

Олар екіге бөлінеді: Біріншісі майда еритін – A, D E K, екіншісі суда еритін В және С дәрумендер тобы.

Егер А дәрумен жетіспесе қойлардың тәбеті бұзылып, жүнінің сапасы нашарлайды. Сонымен бірге төлдеу функцисы нашарлап, әлсіз төл туады.

Ал D дәрумені жетіспесе, кальция алмасу бөлініп, соның нәтижесінде қойлар рахит, ересек малдар остеомаляция сынды ауруларға тап болуы мүмкін.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын АДЫРБАЙҚЫЗЫ

Алматы облысы,

Agroqogam.kz

 

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.