Қарасан: Қарағанды облысындағы екі елді мекенде карантин енгізілді

Қарағанды облысындағы екі елді мекенде ірі қарадан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантиндік шектеу жарияланды.

«Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Қызылтау және Ақбауыр елді мекендерінде қарасан ауруы белгісімен ірі қара мал өлген. Осыған орай, 11 маусымда мамандар қарасан ауруын анықтау мақсатында сынама алды. Қорытынды бойынша екі сынамадан қарасан ауруы расталды. Осының негізінде екі елді мекеннің аумағында карантиндік шаралар енгізілсін», — делінген селолық округ әкімі шығарған қаулыда.

Карантин шаралары нақты белгіленбеген мерзімге енгізілген.

Уикипедия: Қарасан (лат. Gangrena emphysematosa, орыс. эмфизематозный карбункул или эмкар) — жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы — лат. Clostridium chauvoei. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр ауырады, қой, ешкі, бұлан мен бұғы сирек ауырады.

Рая МІНАП,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.