Қазақстан басқа мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрады

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар екенін мәлімдеді.

«Қазір елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар. Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде негізгі жеткізушілердің бірі — Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістан да оның көлемі шектеулі, сондықтан біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, министрлік басқа мемлекеттерден қордағы 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна қант сұратқан.
“Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер жүргізіп, индикативті теңгерімдерді сәйкестендіріп, өзіндік есептеулер жүргізіп жатыр. Бұл мәселеге кейін қайта ораламыз», – деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысынан кейін журналистерге.
Сондай-ақ Бақыт Сұлтанов қаласақ та, қаламасақ та қанттың алдағы уақытта қымбаттайтынын айтты.

Рая МІНАП, Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.